Коммуналдық меншікті басқаруда 2023 жылдың ІІ тоқсанында
атқарылған жұмыстар туралы
Ақтоғай ауданы бойынша 2023 жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 37 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:
2022 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 5542, баланстық құны – 955 млн 451 мың теңгені құрайды.
Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2023 жылға 17 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес «Жидебай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21705 автокөлігі электрондық аукцион арқылы сауда саттыққа шығарылып, бағаны көтеру әдісімен 2 млн 551 мың теңгеге, «Шабанбай би ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21214 автокөлігі 660 мың теңгеге сатылды.
Аудан әкімдігінің 10.03.2023 жылғы №15/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі УАЗ 236321-175 маркалы автокөлігі «Жидебай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің;
31.03.2023 жылғы №19/03 қаулысымен «Сарышаған кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21705 055-31 маркалы автокөлігі «Ақтоғай Энерго» ЖШС-нің теңгеріміне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;
12.04.2023 жылғы №21/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесініңтеңгеріміндегі Skoda Octavia A5 маркалы автокөлігі Ақтоғай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;
02.05.2023 жылғы №25/02 қаулысымен «Тасарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada Granta маркалы автокөлігі «Ақтоғай Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теңгеріміне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;
09.06.2023 жылғы №26/05 қаулысымен «Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Hyundai Sonata маркалы автокөлігі «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің;
16.06.2023 жылғы №27/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту орталығы» КМК мүліктері облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;
.21.06.2023 жылғы №28/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Nissan Terrano маркалы автокөлігі «Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.
2022 жылы және 2023 жылдың 1 тоқсанында коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 13.01.2023 жылы және 06.04.2023 жылы аудан әкімінің және бөлімнің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.