Ауданның 2023 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 58155,6 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (80839,9 млн.теңге) салыстырғанда 71,9%.  Нақты көлем индексі 46,1%. Оның ішінде:

  • тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 18 997,7 млн теңге:

металл кендерін өндіру (темірден қоспағанда, кендерді өндіру) 16793,1 млн.тенге;

өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 1088,5 млн.теңге;

кен өндіру өнеркәсібінде саласындағы кызметтер көрсету 1 116 млн.теңге.

  • өңдеу өнеркәсібі 39 102,3 млн.теңге:

тамақ өнімдерін өндіру 93 млн.теңге (балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу 89,2 млн.теңге, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру 3,7 млн.теңге;

жеңіл өнеркәсіп 1,0 млн.теңге (тоқыма бұйымдарын өндіру);

полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту 10 мың теңге;

резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 335 мың теңге.

металлургия өндірісі 38 736,5 млн.теңге (негізгі асыл және түсті металдар өндіру);

машина жасау (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату) 271,5 млн.теңге;

  • электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 32,1 млн.теңге:

электр энергиясын өндіру, беру және тарату 7,6 млн.теңге;

бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 24,5 млн.теңге.

  • сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 23,6 млн.теңге:

суды жинау, өңдеу және тарату 21 млн.теңге;

ақаба суларды жинау және өңдеу 1,8 млн.теңге;

қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 0,8 млн.теңге.

 

Төмендеу себебі: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорны карьерлік жұмыстарды уақытша (шілде айына дейін) тоқтатқан, яғни қоймадағы сақталынған кендер өңдеуден өткізіліп нарыққа шығарылуда.

 

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 37266,3 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 64,1%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен  16478,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (24809 млн.теңге) 66,4% орындалды. Заттай түрде өндірген алтын көлемі 1408,7 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (2154 кг) салыстырғанда 65,4%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  212,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (309 млн.теңге) 68,7%. Заттай түрде өндірген доломит көлемі  206,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (263,7 мың тонна) 78,3%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-нан доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 89,2 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (80,4 млн.теңге)  110,9%, заттай түрде өндірілген балық 407 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (405 тонна) 100,7%;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 7,6 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5,9 млн. теңге) 128,8%;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 20478,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 1219,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 15,5 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  20889,3 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 91,6%  (22816,9 млн.теңге) құрады:

«Тасарал Тұз» ЖШС – 705  млн.теңге;

«Балқаш» ЖШС – 714  млн.теңге;

Наубайханалар – 3,7 млн.теңге.

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-нан «Балқаш» ЖШС өткізетін доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

 

Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 5561,9 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (3955,1 млн.теңге) салыстырғанда 140,6%. Нақты көлем индексі 107%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 2116,8 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (1868,1 тонна) 13,3%, сүт өндіру 10120,6 тонна немесе (9625,5) 5,1%, тауық жұмыртқасы 769 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (761 мың дана)  1,1% өсті.

2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 86203 бастан 92643 басқа немесе 7,5%, қой-ешкі 157566 бастан 166674 басқа немесе 5,8%, жылқы саны 49010 бастан 52502 басқа немесе 7,1%,  құс саны 20391 бастан 21011 басқа немесе  3% өсті.

 

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 11044,3 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2817,5 млн.теңге) салыстырғанда 392%. Нақты көлем индексі 375,8%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1469 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 13,3% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындары);

- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 57,1 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,5% (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары);

- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 4150 млн.теңге  немесе жалпы көлемнен 37,6% (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде);

- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 5317,2 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 48,1% (Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары)

- ауыл шаруашылығы – 51 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 0,5% "Global Beef Products" ЖШС асыл тұқымды мал сатып алуға - 37,5 млн теңге,  «Алнұр» ш/қ 12,6 млн.теңгеге 1 техника сатып алған, «Төлеутай» ш/қ 3 бас мал алған 0,9 млн.теңге. 

 

Шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1832 субъект, бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1504 субъект)  121,8%.

 

Бөлшек сауда айналым көлемі 1258,5 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (1022,8 млн.теңге) салыстырғанда 123%.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 7350,8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (4476 млн.тенге) салыстырғанда 164,2%. Нақты көлем индексі 158,1%. 

 

Іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі 393 шаршы метр. 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2303 ш.м) салыстырғанда 17,1%.

 

Қаржы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 1528,8  млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 87,8% құрады. 1192,5  млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 128,2%.

 

 Әлеуметтік сала

           Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 367 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (324 адам)  113,3%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 129 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (112 адам)  115,2%.

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 113 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (134 адам)  97,7%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 110 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (140  адам) 78,5%.

 

Денсаулық саласы

2023 жылдың қаңтар-сәуір айындағы 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 17,15 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (19,94)  86%.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айындағы 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 7,24 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,11)  79,5%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2023 жылдың қаңтар-мамыр айында тіркелмеген.

 

Білім саласы  

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 615 адам өткен жылмен салыстырғанда (644 адам) 95,5%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 504 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (477 адам) 105,7%.

Оқушылар саны 2906, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы 

Аудан бойынша қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 47 немесе 138,2%  құрады.

    Ауыр қылмыстан 11 жағдай тіркелген немесе 183,3%, ашылуы 57,1% (2022 жылы 66,7%).

 

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
20 июня 2023