Ауданның 2023 жылдың қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 46020.8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (61701,5 млн.теңге) салыстырғанда 74.6%.  Нақты көлем индексі 48.6%.

Төмендеу себебі: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорны карьерлік жұмыстарды уақытша (шілде айына дейін) тоқтатқан, яғни қоймадағы сақталынған кендер өңдеуден өткізіліп нарыққа шығарылуда.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 28647,6 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 62,2%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 13257 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (21290 млн.теңге) 62,3% орындалды. Заттай түрде өндірген алтын көлемі 1054 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (1661 кг) салыстырғанда 63,5%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  160,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (236,2 млн.теңге) 68%. Заттай түрде өндірген доломит көлемі  143,5 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (182,7 мың тонна) 78,5%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 75 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (74,4 млн.теңге)  100,8%, заттай түрде өндірілген балық 397 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (394 тонна) 100,7%;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 4,9 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,9 млн. теңге) 100% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 15150 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 705 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 16 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  17373,2 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 84,1%  (20647,4 млн.теңге) құрады:

«Тасарал Тұз» ЖШС – 630,2  млн.теңге;

«Балқаш» ЖШС – 705,9 млн.теңге;

Наубайханалар – 2,2 млн.теңге.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 3616,4 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2650,3 млн.теңге) салыстырғанда 136,4%. Нақты көлем индексі 108,7%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 1411,2 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (1202,2 тонна) 17,4%, сүт өндіру 6422,3 тонна немесе (6107) 5,2%, тауық жұмыртқасы 493,3 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (488 мың дана)  0,9% өсті.

2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 81314 бастан 87389 басқа немесе 7,5%, қой-ешкі 143551 бастан 153288 басқа немесе 6,8%, жылқы саны 45300 бастан 48452 басқа немесе 7%,  құс саны 20526 бастан 21167 басқа немесе  3,1% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7591,5 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2443,5 млн.теңге) салыстырғанда 310,7%. Нақты көлем индексі 299,6%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1126 млн.теңге  (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындары);

- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 57,1 млн.теңге (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары);

- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 2728,7 млн.теңге (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде);

- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 3628,7 млн.теңге (Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары)

- ауыл шаруашылығы – 51 млн.теңге "Global Beef Products" ЖШС асыл тұқымды мал сатып алуға - 37,5 млн теңге,  «Алнұр» ш/қ 12,6 млн.теңгеге 1 техника сатып алған, «Төлеутай» ш/қ 3 бас мал алған 0,9 млн.теңге. 

 

Кәсіпкерлікті дамыту  

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1817, бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1473 субъект)  123,4%.

 

Бөлшек

Айналым көлемі 968,8 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (807,8 млн.теңге) салыстырғанда 120%.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4290,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (119,1 млн.тенге) салыстырғанда 36 есе.

Жоғарылау себебі: «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы тарапынан Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүруінен.

 

Іске қосылған тұрғын үйлер

Іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі 182 шаршы метр. 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (2303 ш.м) салыстырғанда 7,9%.

 

Қаржы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 976,5  млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 81% құрады. 761,9  млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 128,2%.

 

 Әлеуметтік сала

           Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 327 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (280 адам)  116,8%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 246 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (213 адам)  115,5%.

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 113 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (104 адам)  108,7%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 105 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (141  адам) 74,5%.

 

 

                                                                 

Денсаулық саласы

2023 жылдың қаңтар-наурыз айындағы 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 17,53 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,75)  93,5%.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айындағы 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 7,11 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (8,61)  82,6%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2023 жылдың қаңтар-сәуір айында тіркелмеген.

 

Білім саласы  

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 615 адам өткен жылмен салыстырғанда (644 адам) 95,5%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 504 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (477 адам) 105,7%.

Оқушылар саны 2906, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы 

Аудан бойынша қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 39 немесе 156%  құрады.

Ауыр қылмыстан 8 жағдай тіркелген, ашылуы 57,1%.

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
18 мая 2023