Ауданның 2023 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 35325,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (44593,6 млн.теңге) салыстырғанда 79,2%.  Нақты көлем индексі 52,7%.

Төмендеу себебі: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорнының құрамында алтыны бар кендерді өңдеуден өткізбей тікелей нарыққа сатылымға шығару себебінен.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 23683,7 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 67%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 10248 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (14239 млн.теңге) 72% орындалды. Заттай түрде өндірген алтын көлемі 779 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (1227 кг) салыстырғанда 63,5%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  160,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (168,3 млн.теңге) 95,5%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі  110,9 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (130,9 мың тонна) 84,7%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 49,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (34,4 млн.теңге)  143,9%, заттай түрде өндірілген балық 212 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (144 тонна) 101%;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 4,4 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,4 млн. теңге) 106,8% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 13221,1 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 694,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 14,9 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  11641,7 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 95,9%  (12135,2 млн.теңге) құрады:

«Тасарал Тұз» ЖШС – 629,2  млн.теңге;

«Балқаш» ЖШС – 700,9 млн.теңге;

Наубайханалар – 2,2 млн.теңге.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 2559 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (1905 млн.теңге) салыстырғанда 134,3%. Нақты көлем индексі 109,2%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 1116,2 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (958 тонна) 16,5%, сүт өндіру 4480,2 тонна немесе (4244,4) 5,6%, тауық жұмыртқасы 305,9 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (303,2 мың дана)  0,9% өсті.

2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 72319 бастан 77894 басқа немесе 7,7%, қой-ешкі 120627 бастан 127839 басқа немесе 6%, жылқы саны 39434 бастан 41954 басқа немесе 6,4%,  құс саны 20668 бастан 21364 басқа немесе  3,4% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6250,7 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (1664,2 млн.теңге) салыстырғанда 375,6%. Нақты көлем индексі 363,2%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 748 млн.теңге  (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындары);

- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 57,1 млн.теңге (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары);

- «Казавтожол» Ұлттық компаниясы 2685 млн.теңге (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары, Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км жөнделуде);

- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы 2709,6 млн.теңге (Достық-Мойынты бағытындағы екінші линияның құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары)

- ауыл шаруашылығы – 51 млн.теңге "Global Beef Products" ЖШС асыл тұқымды мал сатып алуға - 37,5 млн теңге,  «Алнұр» ш/қ 12,6 техника сатып алған, «Төлеутай» ш/қ 3 бас мал алған 0,9 млн.теңге . 

 

Кәсіпкерлікті дамыту  

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1766 бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1459 субъект)  121% өсті.

 

Бөлшек

Айналым көлемі 723,9 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (615,6 млн.теңге) салыстырғанда 117,6%.

 

Құрылыс  

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3444 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (56,4 млн.тенге) салыстырғанда 61,1 есе. Нақты көлем индексі 5948,2%.

 

Іске қосылған тұрғын үйлер

Іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі орындалмады. 2022 жылдың сәйкес мерзімінде 518 шаршы метр орындалған.

 

Қаржы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 776,4  млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,8% құрады. 599,5  млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 129,5%.

 

 Әлеуметтік сала

           Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 325 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (269 адам)  120,8%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 208 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (187 адам)  111,2%.

         Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 99 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (96 адам)  103,1%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 97 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (135  адам) 71,9%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2023 жылдың қаңтар-ақпан айындағы 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,01 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (19,16)  99,2%.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айындағы 1000 адамға шаққандағы өлім  коэффициенті 5,82 немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (8,47)  68,7%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2023 жылдың қаңтар-наурыз айында тіркелмеген.

 

Білім саласы  

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 615 адам өткен жылмен салыстырғанда (644 адам) 95,5%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 504 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (477 адам) 105,7%.

Оқушылар саны 2906, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы  

Аудан бойынша қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 34 немесе 170%  құрады.

Ауыр қылмыстан 4 жағдай тіркелген, ашылған жоқ.

 

 

Ауданның 2023 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
18 апреля 2023