Ауданның 2023 жылдың қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 26248,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (29940,7 млн.теңге) салыстырғанда 87,7%. Нақты көлем индексі 62,4%.
Төмендеу себебі: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорнының құрамында алтыны бар кендерді өңдеуден өткізбей тікелей нарыққа сатылымға шығару себебінен.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірілген өнімі 18544,8 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 70,6%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 6823 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9133 млн.теңге) 74,7% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 605 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (866 кг) салыстырғанда 69,9%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 103,8 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (109 млн.теңге) 95,2%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 72,8 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (85,7 мың тонна) 84,9%;
Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 27,7 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (22,2 млн.теңге) 127%, заттай түрде өндірілген балық 130 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (102 тонна) 127,4%;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 2,4 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2,4 млн. теңге) 100% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 11587,9 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілетін құрамында алтыны бар рудалар көлемі 457,6 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 29 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілетін жалпы өнім көлемі – 7703,5 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 95,4% (8071,9 млн.теңге) құрады:
«Тасарал Тұз» ЖШС – 399,9 млн.теңге;
«Балқаш» ЖШС – 449,7 млн.теңге.
6 наубайханалар – 1,5 млн.теңге.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 1011,9 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (818,3 млн.теңге) салыстырғанда 123,7%. Нақты көлем индексі 111,5%.
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 609,1 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (509,8 тонна) 19,5%, сүт өндіру 1162,5 тонна немесе (1109,5) 4,8%, тауық жұмыртқасы 135,8 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (134,9 мың дана) 0,7% өсті.
2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 63817 бастан 68703 басқа немесе 7,7%, қой-ешкі 107353 бастан 113871 басқа немесе 6,1%, жылқы саны 37408 бастан 39741 басқа немесе 6,2%, құс саны 22326 бастан 23036 басқа немесе 3,2% өсті.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2449 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (1149,5 млн.теңге) салыстырғанда 213%. Нақты көлем индексі 205,3%.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 264 млн.теңге (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындары);
- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 59,2 млн.теңге (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары);
- «Қазавтожол» Ұлттық Компаниясы – 2125,8 млн.теңге (құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындары).
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1731 бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1452 субъект) 19,2% өсті.
Бөлшек сауда
Айналым көлемі 483,4 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (405,7 млн.теңге) салыстырғанда 119,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 24,2 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (50 млн.теңге) салыстырғанда 48,4%. Нақты көлем индексі 47,1%.
Іске қосылған тұрғын үйлер
Ауа райының қолайсыздығына байланысты іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі орындалмады. 2022 жылдың сәйкес мерзімінде 518 шаршы метрді құраған.
Қаржы
Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 505,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 84,6% құрады. 481,7 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 105%.
Әлеуметтік сала
Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 322 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (263 адам) 122,4%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 170 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (133 адам) 127,8%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 94 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (61 адам) 154,1%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 97 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (132 адам) 73,5%.
Денсаулық саласы
2022 жылдың қаңтар – желтоқсан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,48 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,97) 102,7%.
Өлім коэффициенті қаңтар – желтоқсан 9,18 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,87) 93%.
Қаңтар-ақпан айларында нәресте өлімі тіркелмеген.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 575 адам өткен жылмен салыстырғанда (810 адам) 71%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 514 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (616 адам) 83,4%.
Оқушылар саны 2906, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 12 немесе 66,7% құрады.
Ауыр қылмыстан 1 жағдай тіркелген.