Ауданның 2023 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Ауданның 2023 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 13481,7 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (14788,2 млн.теңге) салыстырғанда 91,2%.  Нақты көлем индексі 73,3%.

Төмендеу себебі: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорнының құрамында алтыны бар кендерді өңдеуден өткізбей тікелей нарыққа сатылымға шығару себебінен.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірілген өнімі 9663,5 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 71,7%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 3530 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4856 млн.теңге) 72,7% орындалды. Заттай түрде өндірілетін алтын көлемі 302 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (340 кг) салыстырғанда 88,8%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  35,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (50,5 млн.теңге) 70,3%. Заттай түрде өндірілетін доломит көлемі  25,4 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (51,3 мың тонна) 49,5%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 6 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,5 млн.теңге)  133,3%, заттай түрде өндірілген балық 49 тонна 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (44 тонна) 111,4%;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 1 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1 млн. теңге) 100% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 6091 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 294,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 12 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілетін жалпы өнім көлемі –  3818,2 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 63,7%  (5991,7 млн.теңге) құрады:

«Тасарал Тұз» ЖШС – 152,9 млн.теңге;

«Балқаш» ЖШС – 170,7 млн.теңге.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 461,6 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (355 млн.теңге) салыстырғанда 130%. Нақты көлем индексі 116,9%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 296 тонна, 2022 жылмен салыстырғанда (227,9 тонна) 29,9%, сүт өндіру 506,4 тонна немесе (483,2) 4,8%, тауық жұмыртқасы 67,5 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (67 мың дана)  0,7% өсті.

2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 63031 бастан 67805 басқа немесе 7,6%, қой-ешкі 109117 бастан 115672 басқа немесе 6%, жылқы саны 37510 бастан 39851 басқа немесе 6,2%,  құс саны 22517 бастан 23227 басқа немесе  3,2% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 163,2 млн.теңге, 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (172,8 млн.теңге) салыстырғанда 85,8%. Нақты көлем индексі 100%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 104 млн.теңге  (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындары);

- «Балқаш Сарышаған» ЖШС 59,2 млн.теңге (пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалау шығындары).

 

Кәсіпкерлікті дамыту  

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1706 бұл 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1465 субъект)  16,5% өсті.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 259,3 млн.теңге немесе 2022 жылдың сәйкес мерзімімен (217,9 млн.теңге) салыстырғанда 119%.

 

Құрылыс  

Құрылыс жұмыстарының көлемі орындалмаған.

 

Іске қосылған тұрғын үйлер

Іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі орындалмаған.

 

Қаржы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 103  млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 87,7% құрады. 114,3  млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 90,1%.

Төмендеу себебі: Ауданның білім бөлімінде қаңтар айына аударымдардың орындалмауы.

 

 Әлеуметтік сала

           Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 306 адам, өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда (259 адам)  118,1%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 63 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (40 адам)  157,5%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 27 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде  қамтылмаған.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 91 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (126  адам) 72,2%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2022 жылдың қаңтар - қараша айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 20,01 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,86)  106,1%.

Өлім коэффициенті қаңтар - қараша 9,05 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,82)  92,2%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылы  5,3  немесе 2021 жылмен салыстырғанда (5,1)  103,9%. Жидебай ауылдық округі Жалаңаш ауылынан 1 нәресте өлімі тіркелген.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 575 адам өткен жылмен салыстырғанда (810 адам) 71%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 514 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (616 адам) 83,4%.

Оқушылар саны 2906, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша қаңтар айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 11 немесе 110%  құрады.

Ауыр қылмыстан 1 жағдай тіркелген.

 

Дата публикации
05 апреля 2023