Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік бағдарлама және ұлттық жобалардың 2023 жылдың қаңтар-наурыз айындағы орындалысы туралы
Аудан бойынша 1 мемлекеттік бағдарлама және 4 ұлттық жобаларды іске асыруға 5462,6 млн.теңге қаралып, 199,2 млн.теңгесі игерілді. Атап айтқанда:
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына 4538,8 млн.теңге қаралып, 95,8 млн.теңге игерілді. Игерілген қаржы:
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына 411,2 млн.теңге қаралып, 57,3 млн.теңгесі жұмсалды. Игерілген қаржы:
-мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 15,4 млн.теңге;
- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 0,8 млн.теңге;
-аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге (жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының шығындары) 8,3 млн.теңге;
-қосымша білім беру 31,6 млн.теңге;
- патронаттық тәрбиеге берілген баланы күтіп-бағуға 1,2 млн.теңге.
«2020-2025 жылдарда Қазақстан Республикасы бойынша тілдерді дамыту бағдарламасы» бойынша 1,3 млн.теңге қаралды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына 260,8 млн.теңге қаралып, 29,8 млн.теңгесі жұмсалды. Жұмсалған қаржы:
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 250,5 млн.теңге қаралып, 16,3 млн.теңгесі игерілді. Игерілген қаржы: