Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік бағдарлама және ұлттық жобалардың 2023 жылдың қаңтар-ақпан айындағы орындалысы туралы
Аудан бойынша 1 мемлекеттік бағдарлама және 4 ұлттық жобаларды іске асыруға 5462,6 млн.теңге қаралып, 27,8 млн.теңгесі игерілді. Атап айтқанда:
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына 4538,8 млн.теңге қаралды.
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына 411,2 млн.теңге қаралып, 26,0 млн.теңгесі жұмсалды. Игерілген қаржы:
-мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 7,2 млн.теңге;
- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 0,5 млн.теңге;
-аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге (жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының шығындары) 4,8 млн.теңге;
-қосымша білім беру 12,8 млн.теңге;
- патронаттық тәрбиеге берілген баланы күтіп-бағуға 0,7 млн.теңге.
«2020-2025 жылдарда Қазақстан Республикасы бойынша тілдерді дамыту бағдарламасы» бойынша 1,3 млн.теңге қаралды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына 260,8 млн.теңге қаралды.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 250,5 млн.теңге қаралып, 1,8 млн.теңгесі игерілді. Игерілген қаржы: