Ақтоғай ауданында 2023 жылғы І тоқсанда мемлекеттік
сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы
2023 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 1 млрд 647 млн 479 мың теңгеге жылдық жоспар орналастырылып, бүгінгі күнге 724 млн 653 мың теңгеге 730 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 160 млн 443 мың теңге.
Оның ішінде:
Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы 164 мемлекеттік сатып алу 130 млн 243 мың теңгеге (ақпараттық есептеу орталығы, коммуналдық қызметтері т.с.с) жоспарланып, 115 млн 365 мың теңгеге 147 келісім шартқа отырды;
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы 1535 мемлекеттік сатып алулар 694 млн 530 мың теңгеге жоспарланып, 357 млн 911 мың теңгеге 500 келісім шартқа отырды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алуларды бір көзден сатып алулары қосқанда);
Тауар биржасы арқылы 4 мемлекеттік сатып алу (мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, Абай, Тасарал) 46 млн 518 мың теңгеге жоспарланды;
Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс 5 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат, жұмыспен қамту бөлімдері, жастар ресурстық орталығы) 18 млн 732 мың теңгеге жоспарланып, 9 млн 804 мың теңгеге (ішкі саясат, жұмыспен қамту бөлімдері) 4 сатып алу жарияланды;
Негіздемелік келісім бойынша (байланыс қызметі, интернет, жанар-жағар май сатып алу) 68 мемлекеттік сатып алулар 26 млн 765 мың теңгеге жоспарланып, 17 млн 325 мың теңгеге 63 келісім шартқа отырды;
Тұрғын үй сатып алу 2 мемлекеттік сатып алу 15 млн теңгеге жоспарланып, 09.03.2023 жылы жарияланды, ашылу күні 09.04.2023 жыл;
Электрондық дүкен арқылы 13 мемлекеттік сатып алу 2 млн 376 мың теңгеге жоспарланып, 2 млн 325 мың теңгеге 12 келісім шартқа отырды;
Конкурстар бойынша (ашық, біліктілікті алдын-ала анықтау, рейтинг-балдық жүйе тәсілдері арқылы) 33 мемлекеттік сатып алу (оның ішінде аудандық ББӘ бойынша 25 конкурс, білім бөлімі бойынша 8 конкурс) 713 млн 315 мың теңгеге жоспарланып, барлығы 510 млн 567 мың теңгеге 24 конкурс жарияланып, 231 млн 727 мың теңгеге 8 келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 43 млн 121 мың теңге.
|
оның ішінде: аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері бойынша 386 млн 586 мың теңгеге 17 конкурс,7 конкурс білім бөлімі бойынша 123 млн 982 мың теңгеге жарияланды |
Аудан көлемінде іске асырылған ірі жобалардың мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша - Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет ауылы клуб үйі ғимаратын күрделі жөндеу жұмысы – 76 млн 011 мың теңгеге жарияланып, жеңімпазбен келісім шартқа отырылды.
Орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша - Шашубай кенті әкімдігінің ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмысы – 56 млн 250 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі А.Құнанбаев көшесіндегі №2 көп қабатты тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу жұмысы – 9 млн 449 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі Ғарышкерлер көшесіндегі №2 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу – 6 млн 324 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі Ғарышкерлер көшесіндегі №2 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу – 11 млн 374 мың теңгеге, Шашубай кентінде Сейфуллин көшесіндегі №2 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу – 13 млн 803 мың теңгеге, Шашубай кентінде Сейфуллин көшесіндегі №1 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу – 11 млн 082 мың теңгеге, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы "К.Байсейітова атындағы ЖОМ базасындағы Тірек мектебі" КММ - не ағымдағы жөндеу жұмыстары – 30 млн 678 мың теңгеге, жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу («Ж.Ақбай атындағы ЖББОМ», «Абай орта мектебі», «С.Ибраев атындағы орта мектеп» КММ қазандығын шығару) – 53 млн 033 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Абай көшесі, №14 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу - 11 млн 920 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Ынтымақ көшесіндегі үйлерді қоршау - 20 млн 446 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Абай көшесі, №10 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу - 11 млн 920 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Мектеп көшесі, №17 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу - 11 млн 920 мың теңгеге, Сарышаған кенті әкім аппаратының ғимаратының сыртын ағымдағы жөндеу – 7 млн 296 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Абай көшесі, №22 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу – 11 млн 595 мың теңгеге, Ақтоғай ауылы әкімі ғимаратын ағымдағы жөндеу – 1 млн 838 мың теңгеге, Шабанбай би әкімдігінің екі қабатты ғимаратының қасбетін ағымдағы жөндеу - 9 млн 074 мың теңгеге, Ортадересін ауылдық клубын ағымдағы жөндеу – 4 млн 325 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі әкім аппаратының жылу қазандығын қоршау – 5 млн 333 мың теңгеге, Абай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратын қоршау жұмыстары – 7 млн 590 мың теңгеге, Қусақ ауылдық округі әкімдігі ғимаратының қоршауларын орнатуға - 7 млн 287 мың теңгеге, Ортадересін әкімдігі ғимаратына қоршаулар орнату – 12 млн 412 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылу үстінде.
Абаттандыру жұмыстары бойынша – Шабанбай би ауылдық округі, Шорин Шәріп көшесіне 25 дана көше шамдарын және 250кВа КТП орнату – 17 млн 110 мың теңгеге, Шабанбай би әкімдігі ғимараты алаңын абаттандыру – 5 млн 270 мың теңгеге, Қусақ ауылдық округі әкімдігі ғимаратының ауласын абаттандыруға - 5 млн 580 мың теңгеге, Қусақ ауылдық округі, Елді мекен көшесіне 20 дана көше шамдарын және КТП орнату - 14 млн 440 мың теңгеге, Сарышаған кентінде баскетбол-волейбол алаңын орнату бойынша жұмыстар - 12 млн 714 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Энергетик көшесі бойынша көше жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары - 9 млн 730 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Теміржол көшесінде көше жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары – 19 млн 938 теңгеге, Шашубай кентінің С.Сейфуллин №1, Ғарышкерлер №2 көп қабатты тұрғын үйлердің аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыс – 77 млн 349 мың теңгеге, Ақтоғай ауылында электр беру желілерін ағымдағы жөндеу және КТП-0,4 жабдығын ауыстыру – 4 млн 200 мың теңгеге, «Алаш алаңы» қоршуаларын ағымдағы жөндеу, орындықтар мен қоқыс төгетін темір жәшіктерді сырлау жұмыстары – 2 млн 656 мың теңгеге, "Менің жүрегім Ақтоғай" конструкциясын ағымдағы жөндеу жұмыстары – 1 млн 964 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы темірбетонды қоршауларды сырлау жұмыстары – 2 млн 999 мың теңгеге, Сарытерек ауылының Ақшкөл көшесіне 18 баған орнату – 4 млн 951 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі Достық, Тәуелсіздік, Қоңырат, Бейбітшілік көшелері және Сауле ауылындағы су айдау станциясына бейнебақылау орнату жұмыстары – 7 млн 521 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылы, Достық көшесіне 30 баған КТП-мен орнату – 16 млн 625 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылы, Тәуелсіздік көшесіне 10 баған орнату – 3 млн 392 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Ақтоғай ауданының 80 жылдығы көшесіне 10 баған орнату – 3 млн 392 мың теңгеге, Қусақ ауылдық округі, Елді мекен көшесіне 20 дана көше шамдарын және КТП орнату - 14 млн 440 мың теңгеге, Қараменде би ауылдық округі, Ақтас ауылына балалар ойын алаңын орнату – 10 млн 336 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша – «Сарышаған мектеп-интернаты» КММ күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу – 6 млн 905 мың теңгеге жарияланып, жеңімпазбен келісім шартқа отырылды.
Коммуналдық сала және жолдар бойынша - автомобиль жолдарын күтіп ұстау (Бектау Ата, Тасарал, Нарманбет-Айыртас, Қусақ ауылына кіре берс жол, Абай, Карасу, Ақтоғай-Ақжарық, Ақтоғай-Ақтас, Ақши ауылына кіре беріс жол, Балхаш-Саяқ, с.Орта Дересін ауылына кіре беріс жол) – 88 млн 104 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының автомобиль жолдарын көшелерін және тротуарларын қардан тазарту жұмыстары 16 млн 426 мың теңгеге, Сарытерек ауылының Ақшкөл көшесіне көтерме жол жасау – 8 млн 036 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Сонымен қатар, бірқатар басқа да құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалау қызметтері, күзет қызметтері, компьютер, ноутбук сатып алу, ведомствадан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстары (Ә.Ермеков атындағы ЖББОМ күрделі жөндеуге) конкурстық рәсімдер жүргізіліп, бейнебақылау орнату жұмыстары бойынша жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасын тауып келеді. Бөлімнің инстаграмм парақшасы арқылы 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы 09 қаңтар 2023 жылы тікелей эфир өткізілді. 10 ақпан 2023 жылы бөлімнің ұйымдастыруымен «Эрудит Астана» оқыту орталығы мамандарының қатысуымен «2023 жылы мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына енгізілген өзгерістер» тақырыбында Ақтоғай ауылында семинар өткізіліп, 32 қатысушыға (ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік сатып алумен айналысатын мамандар) арнайы сертификаттар берілді.
Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына және веб-порталына енгізілген өзгерістер туралы бөлім тарапынан барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне хаттар жолданып, аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында тоқсан сайын жарияланып отырылады. Сонымен қатар, «Agtogai ajary» Ақтоғай аудандық газетіне жыл басынан бері аудандағы мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде 1 рет мақала жарияланды. Бюджеттік бағдарлама әкімерлерінің мамандары мен бухгалтерлері арасында іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап) арқылы да түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Барлық конкурстық рәсімдер уақытылы жарияланып, келісім-шартқа отыру қадағалануда. Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы талаптарды бұзу фактілері туралы хабарлама жасау үшін 2-15-92 сенім телефоны жұмыс жасайды.