Коммуналдық меншікті басқаруда 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Коммуналдық меншікті басқаруда 2023 жылдың І тоқсанында  

атқарылған жұмыстар  туралы

 

 

       Ақтоғай ауданы бойынша 2023 жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 37 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:

  • 29 – мемлекеттік мекеме
  • 3 – коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
  • 3 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2021 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 4745, баланстық құны – 899 млн 482 мың теңгені құрайды.

Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес  аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2023 жылға 16 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.

Аудан әкімдігінің 10.03.2023 жылғы №15/01 қаулысымен «Ақтоғай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі УАЗ 236321-175 маркалы автокөлігі «Жидебай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің;

31.03.2023 жылғы №19/03 қаулысымен «Сарышаған кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  теңгеріміндегі Lada 21705 055-31 маркалы автокөлігі «Ақтоғай Энерго» ЖШС-нің теңгеріміне жарғылық капиталын ұлғайту үшін  берілді.

         2022 жылы коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 13.01.2023  жылы аудан  әкімінің және бөлімнің  ресми  интернет-ресурсына  орналастырылды.

 

             «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

Дата публикации
05 апреля 2023