Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың 2022 жылғы орындалысы туралы
Аудан бойынша 5 мемлекеттік бағдарламаларды және 2 ұлттық жобаны іске асыруға 4203,1 млн.теңге қаралып, 3219,7 млн.теңгесі игерілді. Атап айтқанда:
- «Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 730,2 млн теңге қаралып, 721,2 млн.теңгесі жұмсалды. Игерілген қаржы:
-мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 310,7 млн.теңге;
- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 3,3 млн.теңге;
-аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге (жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының шығындары) 85,5 млн.теңге;
-қосымша білім беру 93,3 млн.теңге;
- патронаттық тәрбиеге берілген баланы күтіп-бағуға 8,3 млн.теңге;
-материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 160,8 млн.теңге
- ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуге – 6,5 млн.теңге;
- қосымша білім беруді ұйымдастыруға – 146,1 млн.теңге жұмсалды.
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша 347,9 млн.теңге игерілді. Игерілген қаржы:
- мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге – 3,1 млн.теңге;
- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға 0,4 млн.теңге;
- ауылшаруашылық жануарларына идентификациялау бойынша шараларды өткізуге 24,5 млн.теңге;
-эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізге 319,9 млн.теңге қаржы жұмсалды.
- 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 223,8 млн.теңге қаралып, 166,2 млн.теңгесі игерілді. Игерілген қаржы:
- «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 805,9 млн.теңге қаралып, 676,1 млн.теңгесі игерілді.
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 23 маманға 7,4 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға 16 маманға 72,2 млн.теңге бюджеттік кредит төленді.
- «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Сарышаган кентінің 4 көшесінің және Шашубай кентінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу, Ақтоғай ауылындағы қолданыстағы стадионды қалпына келтіруге және Ақтоғай ауылындағы инфекциялық емхананы күрделі жөндеу жұмыстарына 510,4 млн.теңге игерілді.