Ауданның 2022 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 176641,5 млн.теңге, өткен жылмен (141055,8 млн. теңге) салыстырғанда өсім 125,2%. Нақты көлем индексі 80,5%.
Төмендеу себебі: «Долинное» кен байыту орнынан құрамында алтыны бар руданың құрамындағы алтын мөлшерінің азаюына байланысты нақты көлем индексі төмендеген.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірілген өнімі 126168,6 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 71,4%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 53760 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылмен салыстырғанда (65093 млн.теңге) 82,6% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 4547 кг немесе өткен жылмен (3663 кг) салыстырғанда 124,1%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 667,9 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылмен салыстырғанда (576,7 млн.теңге) 115,8%. Заттай түрде өндірілетін доломит көлемі 571,2 мың тонна немесе өткен жылмен салыстырғанда (655,2 мың тонна) 87,2%;
Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 150,3 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылмен салыстырғанда (98,5 млн.теңге) 152,6%, заттай түрде өндірілген балық 730 тонна;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 10 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда (10 млн. теңге) 100% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 71580,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 4799,9 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 171 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 50472,9 млн.теңге немесе 2021 жылмен салыстырғанда 164,3% (30709,2 млн.теңге) құрады.
Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен 30372,8 млн.теңге, 2021 жылмен (26051 млн. теңге) 116,6%. Нақты көлем индексі 103,4%.
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 11946,3 тонна, 2021 жылмен салыстырғанда (11224,1 тонна) 6,4%, сүт өндіру 38725,3 тонна немесе (36359,7) 6,5%, тауық жұмыртқасы 2515,9 мың дана өткен жылмен салыстырғанда (2508,7 мың дана) 0,3% өсті.
2021 жылмен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 62358 бастан 67184 басқа немесе 7,7%, қой-ешкі 109794 бастан 116808 басқа немесе 6,4%, жылқы саны 37702 бастан 40058 басқа немесе 6,2%, құс саны 22687 бастан 23425 басқа немесе 3,3% өсті.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 19736 млн.теңге, 2021 жылмен (28315,9 млн.теңге) салыстырғанда 69,7%. Нақты көлем индексі 66,9%.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 5188 млн.теңге;
- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 6564,3 млн.теңге;
- «Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 7314,7 млн.теңге;
- ауыл шаруашылығы – 561,4 млн.теңге;
- өзге де қызметтер түрлерінен – 107,6 млн.теңге
Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1678, 2021 жылмен салыстырғанда (1457 субъект) 15,2% өсті.
Бөлшек сауда айналым көлемі 3066,4 млн.теңге немесе 2021 жылмен (2706,3 теңге) салыстырғанда 113,3%. Нақты индексі 98,5%.
Төмендеу себебі: Бағаның өзгеруіне байланысты, тұрғындардың интернет желісі арқылы тапсырыстардың артуы.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 14796,1 млн.теңге, 2021 жылмен (23928,4 млн.теңге) салыстырғанда 61,8%. Нақты көлем индексі 62,1%.
2021 жылы "Алтыналмас АК" АҚ қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысы жүргізілді (2006 ш.м.).
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 2585 шаршы метр және 2021 жылмен (20345 шаршы метр) салыстырғанда 12,7%.
2021 жылы"Алтыналмас АК" АҚ (2 006 ш.м.) қызметкерлеріне арналған жатақхананың және жеке тұрғын үй құрылысы (15570 ш.м.) іске қосылуына байланысты.
Аудан бюджетіне түскен түсімдер көлемі 3844,3 млн.теңге, өткен жылмен салыстырғанда 135,1% құрады. 3287,4 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 116,9%.
Әлеуметтік сала бойынша жұмыссыздар саны 280 адам, өткен жылмен салыстырғанда (278 адам) 100,7%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 763 адам, өткен жылмен салыстырғанда (771 адам) 99%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 232 адам, өткен жылы 237 адам қамтылған немесе 97,9%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 194 адам, өткен жылмен салыстырғанда (296 адам) 65,5%.
Денсаулық саласы
2022 жылдың қаңтар - қараша айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 20,01 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,86) 106,1%.
Өлім коэффициенті қаңтар - қараша 9,05 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,82) 92,2%.
Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылы 5,3 немесе 2021 жылмен салыстырғанда (5,1) 103,9%. Жидебай ауылдық округі Жалаңаш ауылынан 1 нәресте өлімі тіркелген.
Білім саласы бойынша мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 590 адам өткен жылмен салыстырғанда (810 адам) 72,8%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 527 адам, өткен жылмен салыстырғанда (616 адам) 85,6%.
Оқушылар саны 2916, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы бойынша жыл қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 63 немесе 66,3% құрады.
Ауыр қылмыстан 10 жағдай тіркелген, ашылуы 71,4%.