Ауданның 2022 жылдың қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-қараша айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 165166,9 млн.теңге, өткен жылмен (130815,2 млн. теңге) салыстырғанда өсім 126,2%.  Нақты көлем индексі 82,2%.

Төмендеу себебі: «Долинное» кен байыту орнынан құрамында алтыны бар руданың құрамындағы алтын мөлшерінің азаюына байланысты нақты көлем индексі төмендеген.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірілген өнімі 118506,3 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 71,7%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 50444 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (59380,0 млн.теңге) 84,9% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 4057 кг немесе өткен жылмен  (3507 кг) салыстырғанда 115,7%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  652,1 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (581,3 млн.теңге) 112,2%. Заттай түрде өндірілетін доломит көлемі  584,1 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (606,6 мың тонна) 96,3%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 180,2 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (93,5 млн.теңге)  192,7%, заттай түрде өндірілген балық 560 тонна;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 9,5 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9 млн. теңге) 105,5% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 67220,5 млн.теңгенің өнімі өндіріледі, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 4539,6 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 158 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  46660,6 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,7 есе (27182,3 млн.теңге) құрады.

  • «Балқаш» ЖШС – 1617 млн.теңге;
  • «Тасарал Тұз» ЖШС – 15978 млн.теңге;
  • 6 наубайхана – 146,7 млн.теңге.

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 26509,2 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (21896,7 млн. теңге) 121,1%. Нақты көлем индексі 104,1%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 9069,1 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (8488 тонна) 6,8%, сүт өндіру 33123,8 тонна немесе (31172,7) 6,3%, тауық жұмыртқасы 2342,1 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2340,1 мың дана)  0,1% өсті.

2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 57506 бастан 65149 басқа немесе 13,3%, қой-ешкі 116169 бастан 123568 басқа немесе 6,4%, жылқы саны 33566 бастан 38466 басқа немесе 14,6%,  құс саны 19239 бастан 19825 басқа немесе  3% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17463,4 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (25338 млн.теңге) салыстырғанда 68,9%. Нақты көлем индексі 68,1%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 4563,3 млн.теңге;

- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 7165,9 млн.теңге;

- «Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 5254,7 млн.теңге;

- ауыл шаруашылығы – 430,0 млн.теңге;

- өзге де қызметтер түрлерінен – 49,5 млн.теңге

Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына  байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 33,8 млрд.теңге, немесе 2021 жылмен (30,5 млрд.теңге) салыстырғанда 110,9% деп болжанды.

-    «Алтыналмас АК» АҚ-ның машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар – 15,0 млрд.теңге;

-    «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 14,7 млрд.теңге;

- «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС- 1,0 млрд.теңге;

- «КазГеоРесурс» ЖШС – 0,5 млрд.теңге

- ауылшаруашылығы бойынша – 0,7 млрд.теңге (техника – 250,0 млн.теңге, техникалық қондырғылар – 50,0 млн.теңге, асыл тұқымды малдар – 80,0 млн.теңге, инвест.жобалар – 345,0  млн.теңге );

- өзге де қызметтер түрлерінен – 1,9 млрд.теңге

(Кежек ауылының су тарту құрылысы – 52,5 млн.тенге, Ақтоғай ауылының солтүстік-батыс ықшам ауданына ИКИ құрылысы – 989,2 млн.теңге, Шашубай отбасылық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу – 59,6 млн.теңге, Ақтоғай орталық аурухананың инфекциялық бөлімін күрделі жөндеу – 146,7 млн.теңге)

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1656 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1449 субъект)  14,3% өсті.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 2758,5 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (2488,3 теңге) салыстырғанда 111,9%.

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 14373,9 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (20805,1 млн.теңге) салыстырғанда 69,1%. Нақты көлем индексі 69,1%.

2021 жылы "Алтыналмас АК" АҚ қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысы жүргізілді (2006 ш.м.).

 

Іске қосылған тұрғын үйлер

Іске қосылатын тұрғын үйлер көлемі 2585 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (18288 шаршы метр) салыстырғанда 14,1%.

2021 жылы"Алтыналмас АК" АҚ (2 006 ш.м.) қызметкерлеріне арналған жатақхананың  және жеке тұрғын үй құрылысы (15570 ш.м.) іске қосылуына байланысты.

 

Қаржы

Аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 3621,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 133,3% құрады. 3121,1 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 116%.

 

 Әлеуметтік

           Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 295 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (282 адам)  104,6%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 735 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (744 адам)  98,8%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 227 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 235 адам қамтылған немесе 96,6%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 194 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (291 адам) 66,7%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2022 жылдың қаңтар - қазан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,95 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,94)  105,3%.

Өлім коэффициенті қаңтар - қазан 9,12 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,65)  94,5%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-қараша  айларында тіркелмеген  және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 5,5 жағдай.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 590 адам өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 72,8%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 527 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (616 адам) 85,6%.

Оқушылар саны 2916, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша қаңтар-қараша айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 64 немесе 72,7%  құрады.

Ауыр қылмыстан 10 жағдай тіркелген, ашылуы 67,7%.

 

 

 

 

 

 

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-қараша айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
21 декабря 2022