Коммуналдық меншікті басқаруда 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Коммуналдық меншікті басқаруда 2022 жылы  

атқарылған жұмыстар  туралы

 

       Ақтоғай ауданы бойынша 2022  жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 37 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:

  • 29 – мемлекеттік мекеме
  • 3 – коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
  • 3 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2021 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 4745, баланстық құны – 899 млн 482 мың теңгені құрайды.

Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес  аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2022 жылға 16 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.

         2022 жылы аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жеке және заңды тұлғаларға жалға беру бойынша 2 келісім-шарт жасалынып, 333,0 мың теңге түсім түсті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Торанғалық ауылдық округі, Торанғалық ауылындағы 11 тұрғын үй  электрондық аукцион арқылы сауда саттыққа шығарылып, аукцион нәтижесінде 2 млн 419 мың теңге түсім түсті.

            2022 жылы құқық белгілейтін құжаттары жасалған  нысан:

  • Абай ауылдық округі, Абай ауылындағы 4 тұрғын үйдің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі;
  • Сарышаған кентіндегі 2 үйдің техникалық төлқұжаты;
  • Балқаш-Саяқ автожолының 10 техникалық төлқұжаты;
  • Ақтоғай ауылы, Жидебай батыр 25Б мекен жайындағы тұрғын үйдің нысаналы мақсатын өзгерту үшін тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі мен техникалық төлқұжаты.

Аудан әкімдігінің 25.02.2022 жылғы №13/04 қаулысымен Ақтоғай, Сарытерек  ауылдарындағы, Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі 7 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.

25.02.2022 жылғы №13/05 қаулысымен «Шашубай кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21750 автокөлігі «Ақтоғай Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарғылық капиталын ұлғайту үшін теңгеріміне берілді.

15.06.2022 жылғы №36/01 қаулысымен «Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылындағы бұрыннан бар стадионды реконструкциялау» жобалау-сметалық құжаттамасы облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне берілді.

29.06.2022 жылғы №38/14 қаулысымен Балқаш торабының 136 жылжымайтын мүлік объектілері «Тасарал ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.

28.07.2022 жылғы №41/03 қаулысымен Сарышаған кентіндегі 8 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.

08.08.2022 жылғы №44/01 қаулысымен Сарышаған кенті мен Тасарал ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміндені клуб үйлері «Ақтоғай мәдени-бос уақыт өткізу орталығы» КМҚК-нің теңгеріміне берілді.

14.09.2022 жылғы №50/03 қаулысымен Сарышаған кентіндегі 2 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.

14.09.2022 жылғы №50/04 қаулысымен Сарышаған кентіндегі 2 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді.

05.12.2022 жылғы №69/03 қаулысымен «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапханасы» КММ-не 23 дана кітапты облыстық коммуналдық мүлік деңгейінен аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне қабылдау туралы облыс әкімдігіне өтініш берілді.

05.12.2022 жылғы №69/02 қаулысымен «Тасарал ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің теңгеріміндегі Балқаш торабының 7 дана мүліктері Приозерск қаласының коммуналдық мүлік деңгейіне берілді.

20.12.2022 жылғы №71/02 қаулысымен Қарағанды қаласының тұрғыны С.Е.Қайыркеновтың 14.11.2022 жылғы өтінішіне сәйкес Ақтоғай ауылы, Жидебай батыр көшесі, 25Б мекен жайында орналасқан жер телімі бар тұрғын үй мемлекет пайдасына сыйға қабылданды.

         2021 жылы  және 2022 жылдың 1, 2, 3 тоқсандарында коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 14.01.2022  жылы, 07.04.2022 жылы, 20.07.2022 жылы, 13.10.2022 жылы аудан  әкімінің және бөлімнің  ресми  интернет-ресурсына  орналастырылды.

Коммуналдық меншікті басқаруда 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы
Дата публикации
13 января 2023