Ақтоғай ауданында 2022 жылы мемлекеттік
сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы
2022 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 7 млрд 644 млн 595 мың теңгеге жылдық жоспар орналастырылып, бүгінгі күнге 7 млрд 187 млн 495 мың теңгеге 1654 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 397 млн 660 мың теңге.
Оның ішінде:
Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы 388 мемлекеттік сатып алу 293 млн 568 мың теңгеге жоспарланып, 293 млн 396 мың теңгеге 355 келісім шартқа отырды (1С бухгалтерия, құжат айналымы, ақпараттық есептеу орталығы, пошта, интернет, байланыс, коммуналдық және банк қызметтері т.с.с).
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы 2143 мемлекеттік сатып алулар 733 млн 079 мың теңгеге жоспарланып, 673 млн 809 мың теңгеге 1232 (лоттарға біріктірілген сатып алулар) келісім шартқа отырды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алуларды қоса алғанда);
Тауар биржасы арқылы 8 мемлекеттік сатып алу (Ақтоғай, Абай, Тасарал, Ортадересін, экономика, мәдениет және тілдерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бөлімдеріне көмір сатып алу) 37 млн 845 мың теңгеге жоспарланып, 36 млн 699 мың теңгеге 8 келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 1 млн 147 мың теңге;
Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс 5 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат, , жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамту орталығы) 14 млн 746 мың теңгеге жоспарланып, 14 млн 491 мың теңгеге 5 келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 256 мың теңге;
Конкурстар бойынша (ашық және біліктілікті алдын-ала анықтау тәсілдері арқылы) 54 мемлекеттік сатып алу 6 млрд 565 млн 357 мың теңгеге жоспарланып, 6 млрд 169 млн 100 мың теңгеге 54 келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 396 млн 257 мың теңге.
Аудан көлемінде іске асырылған ірі жобалардың мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:
Құрылыс жұмыстары бойынша - Ақтоғай ауылының солтүстік - батыс шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу (сумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру, қазандығы бар жылу желілері, телефондандыру) – 367 млн 707 мың теңгеге, Ақтоғай ауылында кәріз желілерінің құрылысы – 2 млрд 548 млн 537 мың теңгеге, Шашубай кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесі, 9-үй 100 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру – 680 млн 278 мың теңгеге, Ақтоғай ауылы, солтүстік-батыс шағын ауданында ИКИ (қосалқы станциясымен 35 кВ электр желісін, 16 көппәтерлі және 30 бір бөлмелі жалдамалы тұрғын үйлерге 10 және 0,4 кВ электр желісін) салу» жұмысы - 572 млн 662 мың теңгеге, Қараменде би ауылдық округі, Қуаныш ауылына су желісінің құрылысы – 431 млн 323 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Үшарал ауылына су желісінің құрылысы – 293 млн 781 мың теңгеге, Сарышаған кенті, 3 шағын ауданы мекен жайында орналасқан №4 тұрғын үйді қалпына келтіру - 210 млн 349 мың теңге жарияланып, келісім шарттарға отырылды.
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша - Қусақ ауылдық округі, Қошқар ауылы клуб үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу - 38 млн 694 мың теңгеге жарияланып, жеңімпазбен келісім шартқа отырылды.
Орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша - Шашубай кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі кентішілік автомобиль жолын орташа жөндеу – 72 млн 245 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі Абай Құнанбаев №35 және Шашубай Қошқарбайұлы №12 көп қабатты үйлердің қасбеттері мен төбесін ағымдағы жөндеу жұмыстары – 18 млн 670 мың теңгеге, «Сарышаған кентінің көпқабатты тұрғын үйлерін абаттандыру және ағымдағы жөндеу» жұмысы – 48 млн 991 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары – 3 млн 150 мың теңгеге, Шашубай кентінің әкімдік ғимаратының санитарлық үй-жайларын ағымдағы жөндеу – 4 млн 759 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі көше жарығын ағымдағы жөндеу – 4 млн 950 мың теңгеге, Шашубай кентінің әкімдік ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу – 11 млн 033 мың теңге, Қараменде би ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының сыртын жөндеу - 2 млн 992 мың теңгеге, Торанғалық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратын жөндеу - 3 млн 733 мың теңгеге, Шабанбай би ауылдық округі әкімдігінің ғимаратын ағымдағы жөндеу - 14 млн 998 мың теңгеге, ауыл шаруашылығы бөлімі мекемесінің ғимаратының терезелерін ауыстыру жұмысы 5 млн 133 мың теңгеге, Сарышаған кенті әкімі аппараты ғимаратының ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстары – 5 млн 738 мың теңгеге, Сарышаған кентінің көшесіндегі грейдерлік жолды ағымдағы жөндеу жұмыстары - 12 млн 933 мың теңгеге, Сарышаған кенті, Абай көшесіндегі №20 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеу – 7 млн 705 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Абаттандыру жұмыстары бойынша - Шашубай кентінің (Сейфуллин, Құнанбай, Ақбергенұлы) көппәтерлі тұрғын үйінің аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыс - 123 млн 474 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар - 54 млн 917 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының жарықтандыру объектілері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары – 12 млн 443 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы Нарманбет көшесінен бастап Сана би көшесінің қиылысына дейін көше шамдарын орнатуға 5 млн 064 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының "Домбыра" композициясы сатысының гранитті плиталарын ауыстыру және жасанды көгал орнату жұмысы 3 млн 631 мың теңгеге, Сарышаған кентінде көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыруға 48 млн 991 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Теміржол көшесіндегі саябаққа қоршаулар мен жазғы суару құбырларын орнату 10 млн 028 мың теңгеге, Сарышаған кентінің хоккей кортына көрермендерге арналған трибуна орнату 4 млн 266 мың теңгеге, Сарышаған кентіндегі 3 ықшам ауданы №6,8,9,10,12 үйлеріне күнқағарлар мен шатырына арналған суағарлар орнату 14 млн 309 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Тәуелсіздік көшесіне 57 опора орнату 14 млн 477 мың теңгеге, Сарышаған кентіне жол белгілері мен жасанды жол бөгеттерін орнату 5 млн 424 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Ынтымақ көшесінде көше жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары – 15 млн 398 мың теңгеге, Сарышаған кентіне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары – 10 млн 500 мың теңгеге, Шашубай кентіне көше шамдарын орнату 4 млн 950 мың теңгеге, Шашубай кентінің Сейфуллин көшесі №1, №2 үйлерінің шатырын ағымдағы жөндеу - 12 млн 623 мың теңгеге, Шашубай кентіне балалар ойын алаңын орнату - 19 млн 643 мың теңгеге, Кежек ауылының Нұра көшесіне 20 дана көше шамдарын және КТП орнату 9 млн 522 мың теңгеге, Торанғалық ауылдық округі, Спорт көшесіндегі спорт және балалар ойын алаңының айналасына тас төсеу – 2 млн 598 мың теңгеге,Сәуле, Үшарал ауылдарына көше жарықтарын және КТП орнату жұмыстарына 18 млн 064 мың теңгеге, Абай ауылына көше шамдарын орнату жұмысы 10 млн 268 мың теңгеге, Нүркен ауылындағы саябақа қоршаулар орнату 13 млн 829 мың теңгеге, Нүркен ауылындағы көшелерге жарық диодты шамдарды ауыстыру және орнату жұмыстары 3 млн 077 мың теңгеге, Айыртас ауылына спорт алаңына орнату 7 млн 820 мың теңгеге, Ақтоғай ауылына көпфункционалдық корт орнату 25 млн 816 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша - Сарышаған кенті 3 шағын ауданындағы №4 авариялық тұрғын үйді қалпына келтіру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар – 7 млн 143 мың теңгеге, Сарышаған кентіндегі су айдау станциясын тазарту қондырғысымен кеңейту бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын аяқтау жұмысы – 3 млн 214 мың теңгеге, Ақтоғай ауданы әкімдігі ғимаратының шатырын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу - 1 млн 100 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шашубай және Сарышаған кенттеріндегі кентішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары 287 млн 645 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Сонымен қатар, бірқатар басқа да аудандық маңыздағы жолдарды күтіп ұстау, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалау қызметтері, күзет қызметтері, компьютер, ноутбук сатып алу, дыбыс жазу студиясы жиынтығымен сатып алу, ведомствадан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстары (Сарышаған, Ақжайдак, Қарасу ауылдарының су желілерінің, Кежек, Жалаңаш ауылдарының мал молалары, Ақтоғай ауылына бассейн салу), бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасын тауып келеді. Жыл басынан бері Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен Қарағанды облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті мамандарының бірлескен 2022 жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 27 қаңтарда және 4 ақпанда, 30 қыркүйекте бейнеконференция режимінде семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңестің материалдары (хаттамалар, аудио жазбалар) ауданның барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне таратылды. Бөлімнің ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 11 наурызда, 15 маусымда, 2-9 қарашада, 7 желтоқсанда бейнеконференция режимінде семинар-кеңес, 28 шілдеде бөлімнің инстаграмм парақшасы арқылы тікелей эфир өткізілді. Аудан әкімдігінің 2022 жылдың 3 тоқсанына арналған құқықтық оқытудың жұмыс жоспарына сәйкес 30 қыркүйекте, 8 желтоқсанда бейнеконференция режимінде ауданның бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен семинар-кеңес өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілген.
26 сәуірде аудан орталығында «Астана Эрудит» ЖШС мен оқыту орталығының және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мамандарының ұйымдастырумен 2 желтоқсанда Қарағанды қаласында «2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулар» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға аудандағы бюджеттік бағдарлама әкімгерлері, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік сатып алумен айналысатын барлығы 27 адам, Қарағанды қаласында өткен семинарға 13 адам қатысты.
Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына және веб-порталына енгізілген өзгерістер туралы бөлім тарапынан барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне хаттар жолданып, аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында тоқсан сайын жарияланып отырылады. Сонымен қатар, «Agtogai ajary» Ақтоғай аудандық газетіне жыл басынан бері аудандағы мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде 4 рет мақалалар жарияланды. Бюджеттік бағдарлама әкімерлерінің мамандары мен бухгалтерлері арасында іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап) арқылы да түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Барлық конкурстық рәсімдер уақытылы жарияланып, келісім-шартқа отыру қадағалануда. Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы талаптарды бұзу фактілері туралы хабарлама жасау үшін 2-15-92 сенім телефоны жұмыс жасайды.