Ауданның 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

 

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек  айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 140502.1 млн.теңге, өткен жылмен (102924,8 млн. теңге) салыстырғанда өсім 136,5%.  Нақты көлем индексі 82.8%.

Төмендеу себебі: «Долинное» кен байыту орнынан құрамында алтыны бар руданың құрамындағы алтын мөлшерінің азаюына байланысты нақты көлем индексі төмендеген.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірілетін өнімі 91107,3 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 64,8%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 41890 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (48702 млн.теңге) 86% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 3531 кг немесе өткен жылмен  (3411 кг) салыстырғанда 103,5%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  519,0 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (481,5 млн.теңге) 107,8%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі  429,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (446,2 мың тонна) 96,3%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 115,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (60 млн.теңге)  192,7%, заттай түрде өндірілген балық 550 тонна;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 8,5 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7 млн. теңге) 121,4% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 48574,2 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 3691,4 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 129 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  49394,8 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,8 есе (17758,3 млн.теңге) құрады.

  • «Балқаш» ЖШС – 1617 млн.теңге;
  • «Тасарал Тұз» ЖШС – 15978 млн.теңге;
  • 6 наубайхана – 146,7 млн.теңге.

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 20329.0 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (16280,8 млн. теңге) 124,9%. Нақты көлем индексі 104,5%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 6419,3 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5957,3 тонна) 7,8%, сүт өндіру 27216,4 тонна немесе (25621,9) 6,2% өскен, тауық жұмыртқасы 1881,7 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1890,1 мың дана)  0,4% төмендеді.

2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 62438 бастан 70313 басқа немесе 12,6%, қой-ешкі 128810 бастан 136733 басқа немесе 6,2%, жылқы саны 34840 бастан 39794 басқа немесе 14,2%,  құс саны 20821 бастан 21387 басқа немесе  2,7% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14696,2 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (23182,3 млн.теңге) салыстырғанда 63,4%. Нақты көлем индексі 62,5%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 3463,3 млн.теңге;

- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 5703,1 млн.теңге;

- «Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 5254,7 млн.теңге;

- ауыл шаруашылығы – 225,6 млн.теңге;

- өзге де қызметтер түрлерінен – 49,5 млн.теңге

Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына  байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 33,8 млрд.теңге, немесе 2021 жылмен (30,5 млрд.теңге) салыстырғанда 110,9% деп болжанды.

-    «Алтыналмас АК» АҚ-ның машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар – 15,0 млрд.теңге;

-    «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 14,7 млрд.теңге;

- «Ирказ Металл Корпорациясы» ЖШС- 1,0 млрд.теңге;

- «КазГеоРесурс» ЖШС – 0,5 млрд.теңге

- ауылшаруашылығы бойынша – 0,7 млрд.теңге (техника – 250,0 млн.теңге, техникалық қондырғылар – 50,0 млн.теңге, асыл тұқымды малдар – 80,0 млн.теңге, инвест.жобалар – 345,0  млн.теңге );

- өзге де қызметтер түрлерінен – 1,9 млрд.теңге

(Кежек ауылының су тарту құрылысы – 52,5 млн.тенге, Ақтоғай ауылының солтүстік-батыс ықшам ауданына ИКИ құрылысы – 989,2 млн.теңге, Шашубай отбасылық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу – 59,6 млн.теңге, Ақтоғай орталық аурухананың инфекциялық бөлімін күрделі жөндеу – 146,7 млн.теңге)

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1600 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1442 субъект)  11% өсті.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 2202,1 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (1993,7 млн. теңге) салыстырғанда 110,4%.

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 11972,8 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (17017,1 млн.теңге) салыстырғанда 70,4%.

2021 жылы "Алтыналмас АК" АҚ қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысы жүргізілді (2006 ш.м.).

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 2585 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (18092 шаршы метр) салыстырғанда 14,3%.

2021 жылы"Алтыналмас АК" АҚ (2 006 ш.м.) қызметкерлеріне арналған жатақхананың  және жеке тұрғын үй құрылысы (15570 ш.м.) іске қосылуына байланысты.

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2956,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 132,5% құрады. 2258,6 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 130,9%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 393 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (399 адам)  98,5%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 519 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (532 адам)  97,6%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 221 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 214 адам қамтылған немесе 103,3%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 187 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (261адам) 71,6%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2022 жылдың қаңтар-тамыз айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 20,93 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,39)  113,8%.

Өлім коэффициенті қаңтар-тамыз 8,69 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,52)  91,3%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тіркелмеген  және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 6,6 жағдай.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 100%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 500 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (616 адам) 81,2%.

Оқушылар саны 2922, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 50 немесе 69,4%  құрады.

Ауыр қылмыстан 6 жағдай тіркелген, ашылуы 66,7%.

 

 

 

 

 

 

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
27 октября 2022