Ауданның 2022 жылдың қаңтар-шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

 

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-шілде айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 113158,5 млн.теңге, өткен жылмен (66847,4 млн. теңге) салыстырғанда өсім 169,3%.  Нақты көлем индексі 85% .

Төмендеу себебі: «Долинное» кен байыту орнынан құрамында алтыны бар руданың құрамындағы алтын мөлшерінің азаюына байланысты нақты көлем индексі төмендеген.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 74581,7 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 65,9%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 33392 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (38346 млн.теңге) 87,1% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 2764 кг немесе өткен жылмен  (1785 кг) салыстырғанда 154,8%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша  371,8 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (362,8 млн.теңге) 102,5%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі  326,8 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (327,9 мың тонна) 99,7%;

Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 92,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (56 млн.теңге)  165%, заттай түрде өндірілетін балық 415 тонна;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 7,5 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5,5 млн. теңге) 136,4% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 40718 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 2712 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 102 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  38576,8 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,3 есе (11511,4 млн.теңге) құрады.

  • «Балқаш» ЖШС – 1102 млн.теңге;
  • «Тасарал Тұз» ЖШС – 13145 млн.теңге;

 

 

 

 

Ауыл шаруашылығы 

Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 11176,4 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (9119,2 млн. теңге) 122,5%. Нақты көлем индексі 106%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 4144,5 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3781,4 тонна) 9,6%, сүт өндіру 20690,7 тонна немесе (19435,1) 6,5% өскен, тауық жұмыртқасы 1333,8 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  98,4%.

2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 66788 бастан 74766 басқа немесе 11,9%, қой-ешкі 137802 бастан 146899 басқа немесе 6,6%, жылқы саны 36038 бастан 41095 басқа немесе 14%,  құс 22722 бастан 23288  басқа немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  2,5% өскен.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10549,8 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (16967,3 млн.теңге) салыстырғанда 62,2%. Нақты көлем индексі 60,4% .

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1748 млн.теңге;

- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 3703,1 млн.теңге;

- «Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 4823,6 млн.теңге;

- ауыл шаруашылығы – 225,6 млн.теңге;

- өзге де қызметтер түрлерінен – 49,5 млн.теңге

Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына  байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1548 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1422 субъект)  8,9% өсті.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 1567,8 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (1433,6 млн. теңге) салыстырғанда 109,4%. Нақты көлем индексі 97%.

Төмендеу себебі: Өткен жылмен салыстырғанда сауда айналымының төмендеуі (Жанар-жағар майға шектеу қойылуы).

 

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6063 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (10609,8 млн.теңге) салыстырғанда 57,1%. Нақты көлем индексі 56,4%.

2021 жылы "Алтыналмас АК" АҚ қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысы жүргізілді (2006 ш.м.).

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 2303 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (17576 шаршы метр) салыстырғанда 13,1%.

2021 жылы"Алтыналмас АК" АҚ (2 006 ш.м.) қызметкерлеріне арналған жатақхананың  және жеке тұрғын үй құрылысы (15570 ш.м.) іске қосылуына байланысты.

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2160,6 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 80% құрады. 1724 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 125,3%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 390 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (388 адам)  100,5%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 386 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (373 адам)  103,5%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 210 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 197 адам қамтылған немесе 106,6%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 165 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (219 адам) 75,3%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2022 жылдың қаңтар-маусым айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 20,68 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (16,81)  123%.

Өлім коэффициенті қаңтар-маусым 8,73 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,93)  110,1%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында тіркелмеген  және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 8 жағдай.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 644 адам өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 79,5%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 477 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (562 адам) 84,9%.

Оқушылар саны 2928, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша қаңтар-шілде айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 41 немесе 69,5%  құрады.

Ауыр қылмыстан 6 жағдай тіркелген, ашылуы 57,1%.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 августа 2022