«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
Ақтоғай ауданы 2022 жылғы «29» шілде
«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына бөлім басшысының 2022 жылғы 29 шілдедегі №83 бұйрығы негізінде «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 26.07.2022 жыл - 29.07.2022 жыл аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2022 жылдың наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларына.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып мыналар табылды.
Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу:
Бөлімге 2022 жылдың наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларында жеке тұлғалардан - 1 өтініш түскен және жеке қабылдау – 5. Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысты. Олардың барлығына заңнамалық тәртіпте жауап жолданған. Талдау жүргізу мерзімінде бөлімде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Әкімшілік рәсімдік кодексіне сәйкес және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және есепке алу электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі «Е-өтініш» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ай сайынғы салыстыру актілері жасалып отырылады. Бөлім басшысы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16.00-ден бастап 18.00-ге дейін, бөлім басшысының орынбасары әр аптаның жұма күні 16.00-ден бастап 18.00-ге дейін жеке қабылдау жүргізеді. Бөлімде лауазымды тұлғаларының қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін азаматтардың арыз-шағымдары салынатын арнайы жәшік орнатылған. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес мекеме орналасқан ғимаратта басшы құрамының азаматтарды қабылдау кестесі орнатылған. Халықтың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға Интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы жұмыс жасайды. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.
Сот актілері, шешімдері және атқару парақтарының орындалысын зерттеу:
Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер мен бұйрықтарды зерттеу:
2022 жылдың наурыз-маусым айларында жеке құрам бойынша 37 бұйрық, негізгі қызметтер бойынша 36 бұйрық шыққан.
Бөлімнің штаттық құрылымы: мемлекеттік қызметшілер - 8, оның ішінде - 1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшының орынбасары, 3 сектор меңгерушісі, 3 бас маман.
Есептік кезеңіңде жұмыстан босатылған және қызметке қабылданған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу заңы негізінде интернет -ресурс арқылы ашық өткізіледі.
Бөлімде әр аптаның сейсенбі күндері сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында құқықтық оқыту тұрақты жүргізілді.
Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметті зерттеу:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланатын мамандар өтініші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Ақтоғай аудандық бөлімі және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта қабылданады.
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» 2-тарауының 6-тармағына сәйкес, 2021 жылға сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі қалыптастырылып және келіп түскен ұсыныстармен толықтырылған нұсқасы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында, Әлеуметтік желілерде ашылған «aktogaiekonomika» парақшасында жарияланып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына мәлімет үшін ұсынылды.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен азаматтармен қарым-қатынасты орнатуға бағытталған бірқатар іс-шараларға сәйкес, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында сайтқа үнемі ақпарлап мен өзгерістер туралы ақпараттар жарияланды.
01.03-01.07.2022 жылғы жағдайға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша есепті кезеңде қызмет алушылардан арыз-шағым түскен жоқ және мерзімі бұзылған қызметтер болған жоқ.
Есепті кезеңде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 18, Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы 2 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, сонымен қатар, бөлімде өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы құрылған және тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттық парақша қағаз тасымалдағышта шығарылып, мекемелерге таратылып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышына орналастырылған.
Бөлімде ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арнайы материалдық техникалық базалармен жабдықталып, үнемі жұмыс жасауда.
Көтерме жәрдемақы бойынша 2022 жылдың қаңтар-маусым айында 12 маманға 3675,6 мың теңге жоспарланып, төленді. Оның ішінде:
11 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 45945 мың теңге төленді.Оның ішінде:
Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.
Бөлім қызметкерлері мен жұмыскерлерінің мүдделерін қорғау комиссияларын тексеру:
Бөлімде қызметкерлер мен жұмыскерлердің еңбек өтілін анықтау және қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссиялар жұмыс жасайды. Комиссия шешімдерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алудағы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері және коммуналдық меншікті басқару туралы
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттік сатып алудың біріңғай ұйымдастырушы арқылы 24 конкурс жарияланды. Конкурсқа 101 әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер түсті. Арнайы құрылған комиссия мүшелері өтінімдердің заңдылығын қарап, нәтижесінде дұрыс емес мәліметтер ұсынған әлеуетті өнім берушілер анықталмаған.
Коммуналдық меншікке 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан әкімінің 25.02.2022 жылғы №13/04 қаулысымен Ақтоғай ауылы, Шашубай, Сарышаған кенттерінде, Сарытерек ауылдарынан сатып алынған 7 тұрғын үй алынды. Аудан әкімінің 25.02.2022ж 13/05 қаулысымен Шашубай кенті әкімі аппаратының теңгеріміндегі Lada 21750 автокөлігі «Ақтоғай Энерго» ЖШС-на жарғылық капиталын ұлғайту үшін, 15.06.2022 жылғы №36/01 қаулысымен «Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылындағы бұрыннан бар стадионды реконструкциялау» жобалау-сметалық құжаттамасы облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне берілді.
Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен қаржыландырудың жеке жоспарлары және бюджеттік бағдарламалары
Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы қағидасына сәйкес қаңтар айында 15 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен қаржыландырудың жеке жоспарлары және бюджеттік бағдарламалары жинақталып, қазынашылық комитетіне уақытыл қондырылды. Сонымен қатар 15 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен Қаржы Министрлігінің 17.08.2017 жылғы №468 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың жылдық қаржылық есебі жинақталып, облыстық басқармаға тапсырылды.
Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.
Қорытынды.
Жоғарыда негізделгендей, бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ұсыныстар:
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың салдары туралы құқықтық оқыту өткізу.
Жұмыс тобының жетекшісі Н.Медеубек ________________
Жұмыс тобының хатшысы К.Бекишева ________________
Жұмыс тобының мүшелері
М.Ашимбекова__________________
Б.Аятбекова_________________