Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың 2022 жылдың қаңтар-тамыз айындағы орындалысы туралы
Аудан бойынша 6 мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар іске асыруға 3566,6 млн.теңге қаралып, 1077,5 мың теңгесі игерілді. Атап айтқанда:
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасына 1 966,4 млн.теңге қаралды, 322,3 млн.теңгесі игерілді;
«Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 792,7 млн теңге қаралып, 421,3 млн.теңгесі жұмсалды. Игерілген қаржы:
-мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге 202,6 млн.теңге;
- жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 2,2 млн.теңге;
-аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге (жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының шығындары) 62,9 млн.теңге;
-қосымша білім беру 93,3 млн.теңге;
- патронаттық тәрбиеге берілген баланы күтіп-бағуға 5,3 млн.теңге;
-материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 55 млн.теңге жұмсалды.
«2020-2025 жылдарда Қазақстан Республикасы бойынша тілдерді дамыту бағдарламасы» бойынша 1 млн.теңге қаралып, 499 мың теңгесі игерілді.
Игерілген қаржы 40 адамды «ағылшын тілін оқыту» курсынан өткізуге жұмсалды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына 206,8 млн.теңге қаралып, 155,5 млн.теңге игерілді. Игерілген қаржы:
-идентификациялау бойынша ауылшаруашылық жануарларына шараларды өткізуге 11,5 млн.теңге;
-эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізге 144 млн.теңге қаржы жұмсалды.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 230,3 млн.теңге қаралып, 63,7 млн.теңгесі игерілді. Игерілген қаржы:
«Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 369,4 млн.теңге қаралды
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 25 маманға 7 млн 600 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы қаралды. Қаңтар-тамыз айларында 13 маманға 4,0 млн.теңге жұмсалды.
Тұрғын үй сатып алуға 15 маманға 68,9 мың теңге көлемінде бюджеттік кредитке қаралды. Есепті мерзімге 14 адамға 63 млн. тенге несие берілді.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобас бойынша Сарышаган кентінің 4 көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жобасына 40,0 млн.теңге игерілді.