Ауданның 2022 жылдың қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 97117 млн.теңге, өткен жылмен (61667,4 млн. теңге) салыстырғанда өсім 157,5%. Нақты көлем индексі 86,6%.
Төмендеу себебі: «Алтыналмас Technology» ЖШС-нің «Долинное» кен байыту орнынан құрамында алтыны бар руданың құрамындағы алтын мөлшерінің азаюына байланысты нақты көлем индексі төмендеген.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 60300,1 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 62,1%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 29132 млн.теңгенің өнім өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (32716 млн.теңге) 89% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 2594 кг немесе өткен жылмен (2006 кг) салыстырғанда 129,3%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 376,2 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (301,2 млн.теңге) 124,9%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 286,8 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (316,7 мың тонна) 90,6%;
Төмендеу себебі: «Арселлор Миттал Темиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 86,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,0 млн.теңге) 4,8 есе, заттай түрде өндірілген балық 392 тонна;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 6,9 млн.теңгенің қызметі көрсетілді, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5,5 млн. теңге) 125,5% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 30698,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 2210,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 90 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 36816,9 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,2 есе (5951 млн.теңге) құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 7293,8 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (6547,4 млн. теңге) 111,4%. Нақты көлем индексі 107,5%.
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 3652,9 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3312,1 тонна) 10,3%, сүт өндіру 16906,1 тонна немесе (16188,3) 4,4% өскен, тауық жұмыртқасы 1021,5 мың дана немесе (1042,1) 2% төмендеген.
2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 78286 бастан 84501 басқа немесе 7,9%, қой-ешкі 141991 бастан 152087 басқа немесе 7,1%, жылқы саны 41656 бастан 47516 басқа немесе 14,1% өскен, құс 19042 бастан 18596 басқа немесе 2,3% төмендеген.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8266,7 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (13224,1 млн.теңге) салыстырғанда 62,5%. Нақты көлем индексі 60%.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1211 млн.теңге;
- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 1957 млн.теңге;
- «Корпорация Ирказ Металл» ЖШС – 4823,6 млн.теңге;
- ауыл шаруашылығы – 225,6 млн.теңге;
- өзге де қызметтер түрлерінен – 49,5 млн.теңге
Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1532 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1418 субъекті) 8% өсті.
Бөлшек
Айналым көлемі 1274,6 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (1122,8 млн. теңге) салыстырғанда 113,5%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5045,5 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (8624,1 млн.теңге) салыстырғанда 58,5%. Нақты көлем индексі 56,7%.
2021 жылы "Алтыналмас АК" АҚ қызметкерлеріне арналған жатақхана құрылысы жүргізілді (2006 ш.м.).
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 2303 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (17576 шаршы метр) салыстырғанда 13,1%.
2021 жылы"Алтыналмас АК" АҚ (2 006 ш.м.) қызметкерлеріне арналған жатақхананың және жеке тұрғын үй құрылысы (15570 ш.м.) іске қосылуына байланысты.
Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 1964,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 72,8% құрады. 1624,2 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 121%.
Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 359 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (360 адам) 99,7%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 331 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (293 адам) 113%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 199 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 177 адам қамтылған немесе 112,4%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 141 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (212 адам) 66,5%.
Денсаулық саласы
2022 жылдың қаңтар-мамыр айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 20,10 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (15,35) 130,9%.
Өлім коэффициенті қаңтар-мамыр 9,33 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,53) 123,9%.
Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында тіркелмеген және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 9,60 жағдай.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 644 адам өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 79,5%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 477 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (562 адам) 84,9%.
Оқушылар саны 2928, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша қаңтар-маусым айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 37 немесе 64,9% құрады.
Ауыр қылмыстан 6 жағдай тіркелген, ашылуы 66,7%.