2022 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік
сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы
2022 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 7 млрд 110 млн 356 мың теңгеге жылдық жоспар орналастырылып, 2 млрд 543 млн 034 мың теңгеге 973 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 160 млн 740 мың теңге.
Оның ішінде:
Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы 367 мемлекеттік сатып алу 213 млн 097 мың теңгеге жоспарланып, 175 млн 302 мың теңгеге 260 келісім шартқа отырды (1С бухгалтерия, құжат айналымы, ақпараттық есептеу орталығы, пошта, интернет, байланыс, коммуналдық және банк қызметтері т.с.с).
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы 1698 мемлекеттік сатып алулар 473 млн 446 мың теңгеге жоспарланып, 291 млн 723 мың теңгеге 673 келісім шартқа отырды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алуларды қоса алғанда);
Тауар биржасы арқылы 5 мемлекеттік сатып алу (көмір) 34 млн 534 мың теңгеге жоспарланып, 7 млн 071 мың теңгеге 1 келісім шартқа отырды;
Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс 6 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат, жұмыспен қамту бөлімдері, жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамту орталығы) 17 млн 622 мың теңгеге жоспарланып, 14 млн 666 мың теңгеге 5 келісім шартқа отырды;
Конкурстар бойынша (ашық және біліктілікті алдын-ала анықтау тәсілдері арқылы) 57 мемлекеттік сатып алу 6 млрд 371 млн 657 мың теңгеге жоспарланып, 6 млрд 335 млн 016 мың теңгеге 53 конкурс жарияланып, 2 млрд 054 млн 272 мың теңгеге 34 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 160 млн 740 мың теңге. (Республикалық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 1 конкурс, облыстық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 11 конкурс, аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 24 конкурс, ББӘ бойынша 17 конкурс).
Аудан көлемінде іске асырылған ірі жобалардың мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:
Құрылыс жұмыстары бойынша - Ақтоғай ауылының солтүстік - батыс шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу (сумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру, қазандығы бар жылу желілері, телефондандыру) – 367 млн 707 мың теңгеге, Ақтоғай ауылында кәріз желілерінің құрылысы – 2 млрд 548 млн 537 мың теңгеге, Шашубай кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесі, 9-үй 100 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру – 680 млн 278 мың теңгеге, Ақтоғай ауылы, солтүстік-батыс шағын ауданында ИКИ (қосалқы станциясымен 35 кВ электр желісін, 16 көппәтерлі және 30 бір бөлмелі жалдамалы тұрғын үйлерге 10 және 0,4 кВ электр желісін) салу» жұмысы - 572 млн 662 мың теңгеге жарияланып, келісім шарттарға отырылды. Қараменде би ауылдық округі, Қуаныш ауылына су желісінің құрылысы – 431 млн 323 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округі, Үшарал ауылына су желісінің құрылысы – 293 млн 781 мың теңгеге жарияланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша - Қусақ ауылдық округі, Қошқар ауылы клуб үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу - 38 млн 694 мың теңгеге жарияланып, жеңімпазбен келісім шартқа отырылды.
Орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша - Шашубай кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі кентішілік автомобиль жолын орташа жөндеу – 72 млн 245 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі Абай Құнанбаев №35 және Шашубай Қошқарбайұлы №12 көп қабатты үйлердің қасбеттері мен төбесін ағымдағы жөндеу жұмыстары – 18 млн 670 мың теңгеге, «Сарышаған кентінің көпқабатты тұрғын үйлерін абаттандыру және ағымдағы жөндеу» жұмысы – 48 млн 991 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары – 3 млн 150 мың теңгеге, Шашубай кентінің әкімдік ғимаратының санитарлық үй-жайларын ағымдағы жөндеу – 4 млн 759 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі көше жарығын ағымдағы жөндеу – 4 млн 950 мың теңгеге, Шашубай кентінің әкімдік ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу – 11 млн 033 мың теңге, Қараменде би ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының сыртын жөндеу - 2 млн 992 мың теңгеге, Торанғалық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратын жөндеу - 3 млн 733 мың теңгеге, Шабанбай би ауылдық округі әкімдігінің ғимаратын ағымдағы жөндеу - 14 млн 998 мың теңгеге, ауыл шаурашылығы бөлімі мекемесінің ғимаратының терезелерін ауыстыру жұмысы 5 млн 133 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Абаттандыру жұмыстары бойынша - Шашубай кентінің (Сейфуллин, Құнанбай, Ақбергенұлы) көппәтерлі тұрғын үйінің аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыс - 123 млн 474 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар - 54 млн 917 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының жарықтандыру объектілері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары – 12 млн 443 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы Нарманбет көшесінен бастап Сана би көшесінің қиылысына дейін көше шамдарын орнатуға 5 млн 064 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының "Домбыра" композициясы сатысының гранитті плиталарын ауыстыру және жасанды көгал орнату жұмысы 3 млн 631 мың теңгеге, Сарышаған кентінде көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыруға 48 млн 991 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Теміржол көшесіндегі саябаққа қоршаулар мен жазғы суару құбырларын орнату 10 млн 028 мың теңгеге, Сарышаған кентінің хоккей кортына көрермендерге арналған трибуна орнату 4 млн 266 мың теңгеге, Сарышаған кентіндегі 3 ықшам ауданы №6,8,9,10,12 үйлеріне күнқағарлар мен шарытына арналған суағарлар орнату 14 млн 309 мың теңгеге, Сарышаған кентінің Тәуелсіздік көшесіне 57 опора орнату 14 млн 477 мың теңгеге, Сарышаған кентіне жол белгілері мен жасанды жол бөгеттерін орнату 5 млн 424 мың теңгеге, Шашубай кентіне көше шамдарын орнату 4 млн 950 мың теңгеге, Шашубай кентінің Сейфуллин көшесі №1, №2 үйлерінің шатырын ағымдағы жөндеу 12 млн 623 мың теңгеге, Кежек ауылының Нұра көшесіне 20 дана көше шамдарын және КТП орнату 9 млн 522 мың теңгеге, Сәуле, Үшарал ауылдарына көше жарықтарын және КТП орнату жұмыстарына 18 млн 064 мың теңгеге, Абай ауылына көше шамдарын орнату жұмысы 10 млн 268 мың теңгеге, Нүркен ауылындағы саябақа қоршаулар орнату 13 млн 829 мың теңгеге, Нүркен ауылындағы көшелерге жарық диодты шамдарды ауыстыру және орнату жұмыстары 3 млн 077 мың теңгеге, Айыртас ауылына спорт алаңына орнату 7 млн 820 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Ақтоғай ауылына көпфункционалдық корт орнату 25 млн 816 мың теңгеге, Шашубай кентіне балалар ойын алаңын орнату жұмысы 19 млн 643 мың теңгеге жарияланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша - Сарышаған кенті 3 шағын ауданындағы №4 авариялық тұрғын үйді қалпына келтіру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар – 7 млн 143 мың теңгеге, Ақтоғай ауданы әкімдігі ғимаратының шатырын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу - 1 млн 100 мың теңгене жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шашубай және Сарышаған кенттеріндегі кентішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары 287 млн 645 мың теңгеге жарияланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Сонымен қатар, бірқатар басқа да аудандық маңыздағы жолдарды күтіп ұстау, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалау қызметтері, күзет қызметтері, компьютер, ноутбук сатып алу, дыбыс жазу студиясы жиынтығымен сатып алу, ведомствадан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстары (Сарышаған, Ақжайдак, Қарасу ауылдарының су желілерінің, Кежек, Жалаңаш ауылдарының мал молалары, Ақтоғай ауылына бассейн салу), бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасын тауып келеді. Жыл басынан бері Қарағанды облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті мамандарының бірлескен 2022 жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңанамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 27 қаңтарда және 4 ақпанда бейнеконференция режимінде семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңестің материалдары (хаттамалар, аудио жазбалар) ауданның барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне таратылды. Бөлімнің ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 11 наурызда бейнеконференция режимінде семинар-кеңес өткізілді.
26 сәуірде аудан орталығында «Астана Эрудит» ЖШС оқыту орталығының мамандарының ұйымдастырумен «2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алулар» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға аудандағы бюджеттік бағдарлама әкімгерлері, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік сатып алумен айналысатын барлығы 27 адам қатысты.
Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына және веб-порталына енгізілген өзгерістер туралы бөлім тарапынан барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне хаттар жолданып, аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында жарияланып отырылады. Бюджеттік бағдарлама мамандары мен бухгалтерлері арасында іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап) арқылы да түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Барлық конкурстық рәсімдер уақытылы жарияланып, келісім-шартқа отыру қадағалануда және өткізілген мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар туралы мәлімет түскен жоқ. Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы талаптарды бұзу фактілері туралы хабарлама жасау үшін 2-15-92 сенім телефоны жұмыс жасайды.