Ауданның 2022 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-мамыр айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 80839,9 млн.теңге, өткен жылмен (56476,9 млн. теңге) салыстырғанда өсім 143,1%.  Нақты көлем индексі 101% .

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 54174,5 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 72,4%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 27340,0 млн.теңгенің өнімі өндіріледі, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (27333 млн.теңге) 100% орындалады. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 1661 кг немесе өткен жылмен  (1294 кг) салыстырғанда 128,4%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 286,2  млн.теңгенің өнімі өндіріледі, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (250,8 млн.теңге) 114,1%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі  270 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (263,7 мың тонна) 102,4%.

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 94,4 млн.теңгенің өнімі өндіріледі, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (13,5)  7 есе, заттай түрде өндірілетін балық 400 тонна;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 5,5 млн.теңгенің қызметі көрсетіледі, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,9 млн. теңге) 100% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 26448,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 651,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 45 мың тоннаға орындалады.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  20647,4 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 117,9%  (17514,7 млн.теңге) құрайды.

 

Ауыл шаруашылығы 

Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 3955,1 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (3504,2 млн. теңге) 112,8%. Нақты көлем индексі 105,3%.

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 1868,1 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1780,8 тонна) 4,9%, сүт өндіру 9625,5 тонна немесе (9211,7) 4,5% өсті, тауық жұмыртқасы 761 мың дана немесе  (774,8) 1,8% төмендеді.

2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 79988 бастан 86203 басқа немесе 7,8%, қой-ешкі 147042 бастан 157566 басқа немесе 7,2%, жылқы саны 42426 бастан 49010 басқа немесе 15,5% өсті,  құс 20847 бастан 20391 басқа немесе 2,2% төмендеді.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2817,5 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (8987,6 млн.теңге) салыстырғанда 31,3%. Нақты көлем индексі 29,7%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1444 млн.теңге;

- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 1946,5  млн.теңге;

- өзге де қызметтер түрлерінен – 49,5 млн.теңге

Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына  байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1504 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1423 субъекті) 5,7% өсті.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 1022,8 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (836,6 млн. теңге) салыстырғанда 122,2%.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4476 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (5708,3 млн.теңге) салыстырғанда 78,4%. Нақты көлем индексі 75,8%.

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 2303 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (5631 шаршы метр) салыстырғанда 40,9%.

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 1741,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 67,5% құрады. 1133,7 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 153,6%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 280 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (361 адам)  77,6%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 256 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (234 адам)  109,4%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 134 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 127 адам қамтылған немесе 105,5%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 141 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (202 адам) 69,8%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2022 жылдың қаңтар-сәуір айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,17 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (14,64)  130,9%.

Өлім коэффициенті қаңтар-сәуір айында 8,50 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6,43)  132,2%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында тіркелмеген  және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 12,20 жағдай.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 644 адам өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 79,5%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 477 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (562 адам) 84,9%.

Оқушылар саны 2928, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша қаңтар-мамыр айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 35 немесе 71,4%  құрады.

Ауыр қылмыстан 6 жағдай тіркелген, ашылуы 66,7%.

 

 

 

 

 

 

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
20 июня 2022