Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың 2022 жылдың қаңтар-сәуір айындағы орындалысы туралы

Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың 2022 жылдың қаңтар-сәуір айындағы орындалысы туралы

 

 

Аудан бойынша 6 мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар  іске асыруға 3706 млн.теңге қаралып, 161,7 млн.теңгесі игерілді. Атап айтқанда:

- «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың  2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасына 1866,4 мылн.теңге қаралды;

- «Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 822,5 млн теңге қаралып, 142 млн.теңгесі жұмсалды. Игерілген жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері және Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету шараларына  жұмсалды;

         - «2020-2025 жылдарда Қазақстан Республикасы бойынша тілдерді дамыту бағдарламасы» бойынша 1  млн.теңге қаралды;

- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына 206,8 млн.теңге қаралды;

- «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»  бойынша 91,6 млн.теңге қаралды

-  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 25 маманға 7,6 млн.теңге  көлемінде көтерме жәрдемақы қаралды. Қаңтар-сәуір  айларында 8  маманға 2,5 млн.теңге жұмсалды.

    Тұрғын үй сатып алуға 15 маманға  68,9 мың теңге көлемінде  бюджеттік кредитке қаралды.

- 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына 87,7  млн.теңге қаралып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, мемлекеттік гранттар мен жастар тәжірибесін ұйымдастыруға жұмсалады. Қаңтар-сәуір айларында алғашқы жұмыс орны шарасы бойынша 0,4 млн.теңге, қоғамдық жұмысқа 13,7 млн.теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 0,6 млн.теңге, 2 адамға грантқа 2,5 млн.теңге игерілді.

Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың 2022 жылдың қаңтар-сәуір айындағы орындалысы туралы
Дата публикации
20 мая 2022