Ауданның 2022 жылдың қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 61701,5 млн.теңге, өткен жылмен (50875,5 млн. теңге) салыстырғанда өсім 121,3%. Нақты көлем индексі 101,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 41054,1 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 66,5%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 21290 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (21256 млн.теңге) 100,2% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 1661 кг немесе өткен жылмен (1294 кг) салыстырғанда 128,4%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 236,2 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (198,1 млн.теңге) 119,2%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 182,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (207,9 мың тонна) 85,1%.
Төмендеу себебі: «АрселлорМитталТемиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 74,4 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (13,5) 5,5 есе, заттай түрде өндірілетін балық 394 тонна;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 4,9 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,9 млн. теңге) 100% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 19448,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 651,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 45 мың тоннаға орындалады.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 20647,4 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 117,9% (17514,7 млн.теңге) құрайды.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 2650,3 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (2271,4 млн. теңге) 116,7%. Нақты көлем индексі 104,8%.
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 1202,2 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1131,5 тонна) 6,2%, сүт өндіру 6107 тонна немесе (5843,2) 4,5% өсті, тауық жұмыртқасы 488,8 мың дана немесе (499 мың дана) 2% төмендеді.
2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 75465 бастан 81314 басқа немесе 7,8%, қой-ешкі 135092 бастан 143551 басқа немесе 6,3%, жылқы саны 39526 бастан 45300 басқа немесе 14,6% өсті, құс 21065 бастан 20526 басқа немесе 2,6% төмендеді.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2443,5 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (6230,5 млн.теңге) салыстырғанда 39,2%. Нақты көлем индексі 37,2%.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1444 млн.теңге;
- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 950 млн.теңге;
- өзге де қызметтер түрлерінен – 49,5 млн.теңге
Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1473 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1412 субъекті) 4,3% көбейген.
Бөлшек сауда
Айналым көлемі 807,8 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (564,7 млн. теңге) салыстырғанда 143%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 119,1 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (702,9 млн.теңге) салыстырғанда 16,9%. Нақты көлем индексі 16,4%.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 2303 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (4645 шаршы метр) салыстырғанда 49,6%.
Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 1205,7 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 54,2% құрады. 769,7 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 156,6%.
Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 280 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (339 адам) 82,6%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 213 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (198 адам) 107,6%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 104 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 103 адам қамтылған немесе 101%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 141 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (198 адам) 71,2%.
Денсаулық саласы
2022 жылдың қаңтар-наурыз айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 18,33 немесе 2021жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (14,53) 126,2%.
Өлім коэффициенті қаңтар-наурыз айында 7,96 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5,48) 145,3%.
Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында тіркелмеген және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 17,50 жағдай.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 644 адам өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 79,5%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 477 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (562 адам) 84,9%.
Оқушылар саны 2928, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша қаңтар-сәуір айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 25 немесе 61% құрады.
Ауыр қылмыстан 4 жағдай тіркелген, ашылуы 75%.