Ауданның 2022 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 44593,6 млн.теңге, өткен жылмен (34529,1 млн. теңге) салыстырғанда өсім 129,1%. Нақты көлем индексі 150,6% құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 32458,4 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 72,8%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 14239 млн.теңгенің өнімін өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (13026 млн.теңге) 109,3% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 1227 кг немесе өткен жылмен (952 кг) салыстырғанда 128,9%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 168,3 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (146,5 млн.теңге) 114,9%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 130,9 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (153,9 мың тонна) 85,1%.
Төмендеу себебі: «АрселлорМитталТемиртау» АҚ-ның доломитке сұранысының төмендеуіне байланысты.
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 51,1 млн.теңгенің өнімі өндірілді, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (13,5) 3,7 есе, заттай түрде өндірілген балық 198 тонна;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 4,4 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,4 млн. теңге) 100% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 17995,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 651,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 45 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 12135,2 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 104,8% (11578,2 млн.теңге) құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 1905,0 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (1631,4 млн. теңге) 116,8%. Нақты көлем индексі 105% .
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 958 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (901,7 тонна) 6,2%, сүт өндіру 4244,4 тонна немесе (4057,9) 4,6% өсті, тауық жұмыртқасы 303,2 мың дана немесе (310,3 мың дана) 2,3% төмендеген.
2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 67548 бастан 72319 басқа немесе 7,1%, қой-ешкі 113727 бастан 120627 басқа немесе 6,1%, жылқы саны 34655 бастан 39434 басқа немесе 13,8% өсті, құс 21190 бастан 20668 басқа немесе 2,5% төмендеген.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1664,2 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (4849,6 млн.теңге) салыстырғанда 34,3%. Нақты көлем индексі 32,5%.
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 1072 млн.теңге;
- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 550 млн.теңге;
- өзге де қызметтер түрлерінен – 42,2 млн.теңге
Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1459 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1401 субъекті) 4,1% көбейген.
Бөлшек сауда
Айналым көлемі 615,6 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (408 млн. теңге) салыстырғанда 150,9%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 56,4 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (268,7 млн.теңге) салыстырғанда 21%. Нақты көлем индексі 20,2%.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 518 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (3477 шаршы метр) салыстырғанда 14,9%.
Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 770,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 114,4% құрады. 633,8 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 121,5%.
Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 269 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (324 адам) 83%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 187 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (169 адам) 110,7%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 96 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 91 адам қамтылған немесе 105,5%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 135 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (176 адам) 76,7%.
Денсаулық саласы
2022 жылдың қаңтар-ақпан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 19,16 немесе 2021жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (14,59) 131,3%.
Өлім коэффициенті қаңтар-ақпан айында 8,47 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1,82) 465,4%.
Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелмеген және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 22,70 жағдай.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 644 адам өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 79,5%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 477 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (562 адам) 84,9%.
Оқушылар саны 2928, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша наурыз айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 20 немесе 64,5% құрады.
Ауыр қылмыстан 4 жағдай тіркелген, ашылуы 75%.