«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2022 жылдың 1-тоқсанындағы мемлекеттік көрсетілген қызмет туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланатын мамандар өтініші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Ақтоғай аудандық бөлімі және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта қабылданады.
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» 2-тарауының 6-тармағына сәйкес, 2022 жылға сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі қалыптастырылып, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында, Әлеуметтік желілерде ашылған «aktogaiekonomika» парақшасында жарияланып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына мәлімет үшін ұсынылды.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен азаматтармен қарым-қатынасты орнатуға бағытталған бірқатар іс-шараларға сәйкес, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында, «Ашық бюджеттер» жобасы аясында есепті кезеңде бөлім бас маманы К.Абжанова тікелей эфирде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы туралы сұхбат жүргізді, жергілікті газетке, сайтқа «Дипломмен-ауылға! – болашаққа деген сенім» тақырыбында мақала жарияланды.
01.04.2022 жылғы жағдайға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша есепті кезеңде қызмет алушылардан арыз-шағым түскен жоқ және мерзімі бұзылған қызметтер болған жоқ.
Есепті кезеңде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 18, Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы 2 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, сонымен қатар, бөлімде өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы құрылған және тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттық парақша қағаз тасымалдағышта шығарылып, мекемелерге таратылып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышына орналастырылған.
Көтерме жәрдемақы бойынша есепті кезеңде 8 маманға 2450,4 мың теңге төленді. Оның ішінде:
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит сомасы қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған.
«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ