Ауданның 2022 жылдың қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-ақпан айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 29940,7 млн.теңге, өткен жылмен (19738,9 млн. теңге) салыстырғанда өсім 151,7%.  Нақты көлем индексі 189,6% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 21868,8 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 73%. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 9133 млн.теңгенің өнімін өндіріледі, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6546 млн.теңге) 139,5% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 866 кг немесе өткен жылмен  (610 кг) салыстырғанда 142%;

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 109  млн.теңгенің өнімі өндіріледі, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (95,5 млн.теңге) 114,1%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 85,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 102,3 мың тонна) 83,8%;

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 27,8 млн.теңгенің өнімі өндірілді, заттай түрде өндірілген балық 102 тонна (2021 жылдың сәйкес мерзімінде 1–П есебін тапсырмағандықтан салыстырмалы көрсеткіш жоқ);

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 2,4 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2,4 млн. теңге) 100% ;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 12596,6 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 457,6 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 29,0 мың тоннаға орындалады.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  8071,9 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 142,8%  (5652,8 млн.теңге) құрады.

 

Ауыл шаруашылығы 

          Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 818,3 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (679 млн. теңге) 120,5%. Нақты көлем индексі 104% .

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 509,8 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (486 тонна) 4,9%, сүт өндіру 1109,5 тонна немесе (1063,7) 4,3% өскен. Тауық жұмыртқасы 134,9 мың дана немесе (137,2 мың дана) 1,7%  төмендеген.

2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 59614 бастан 63817 басқа немесе 7,1%, қой-ешкі 101238 бастан 107353 басқа 6%, жылқы саны 33043 бастан 37408 басқа немесе 13,2% өскен,  құс 22855 бастан 22326 басқа 2,3% азайған.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1149,5 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (3942 млн.теңге) салыстырғанда 29,2%. Нақты көлем индексі 27,8%.

- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 972 млн.теңге;

- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 150 млн.теңге;

- өзге де қызметтер түрлерінен – 27,5 млн.теңге

Төмендеу себебі: 2021 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының жаңа технология құрылғысын сатып алуына  байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1452 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1401 субъекті) 103,6%.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 50 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (250 млн.теңге) салыстырғанда 20%. Нақты көлем индексі 19,2%.

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 518 шаршы метр және 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (3477 шаршы метр) салыстырғанда 14,9%.

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 597,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105,3% құрады. 450,4 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 132,8%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 263 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (299 адам)  88%.

         Жұмысқа орналастырылғандар саны 63 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (112 адам)  56,3%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 61 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 53 адам қамтылған немесе 115,1%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 132 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (176 адам) 75%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2021 жылдың қаңтар айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 16,21 немесе 2021жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (11,28)  143,7%.

Өлім коэффициенті қаңтар айында 7,05 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,52)  200,3%.

Нәресте өлімі коэффициенті 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында тіркелмеген  және 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 33,30 жағдай.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (810 адам) 100%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 616 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 109,6%.

Оқушылар саны 2938, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша ақпан айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 17 немесе 70,8%  құрады.

Ауыр қылмыстан 3 жағдай тіркелген, ашылмаған.

 

Ауданның 2022 жылдың қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
15 марта 2022