2022 жылдың І тоқсанында коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар туралы

Ақтоғай ауданы бойынша 2022  жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 37 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:

  • 29 – мемлекеттік мекеме
  • 3 – коммуналдық мемлекеттік мекеме
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
  • 3 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2020 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 4457, баланстық құны – 461 млн 345 мың теңгені құрайды. 2021 жылғы есепті 2022 жылдың 1 мамырына дейін тапсырылады.

Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

       Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес  аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2022 жылға 16 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.

Аудан әкімдігінің 25.02.2022 жылғы №13/04 қаулысымен Ақтоғай, Сарытерек  ауылдарындағы, Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі 7 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;

25.02.2022 жылғы №13/05 қаулысымен «Шашубай кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Lada 21750 автокөлігі «Ақтоғай Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарғылық капиталын ұлғайту үшін теңгеріміне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Торанғалық ауылдық округі, Торанғалық ауылындағы 11 тұрғын үй  электрондық аукцион арқылы сауда саттыққа шығарылды.

         2021 жылы  коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 14.01.2022  жылы аудан  әкімінің және бөлімнің  ресми  интернет-ресурсына  орналастырылды.

2022 жылдың І тоқсанында коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар туралы
Дата публикации
06 апреля 2022