2022 жылғы І тоқсанда мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы

2022 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға  мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 5 млрд 303 млн 227 мың  теңгеге жылдық жоспар орналастырылып, 365 млн 697 мың теңгеге 471 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 12 млн 575 мың теңге.  

Оның ішінде:

Бір көзден  тікелей  шарт жасасу арқылы 330 мемлекеттік сатып алу   207 млн 752  мың теңгеге жоспарланып, 93 млн 545 мың теңгеге 175 келісім шартқа отырды (1С бухгалтерия,  құжат айналымы, ақпараттық есептеу орталығы, пошта, интернет, байланыс, коммуналдық және банк қызметтері т.с.с).

Баға ұсыныстарын  сұрату  тәсілі арқылы  1280 мемлекеттік сатып алулар  228 млн 507  мың теңгеге жоспарланып, 158 млн 790 мың теңгеге 285 келісім шартқа отырды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алуларды қоса алғанда);

Тауар биржасы арқылы 5 мемлекеттік сатып алу (көмір) 34 млн 534 мың теңгеге жоспарланды;

Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс  5 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат, жұмыспен қамту бөлімдері, жастар ресурстық орталығы) 15 млн 338  мың теңгеге жоспарланып, 1 млн 259 мың теңгеге 1 келісім шартқа отырды;

Конкурстар  бойынша  (ашық және   біліктілікті  алдын-ала  анықтау  тәсілдері  арқылы)  48 мемлекеттік сатып алу 4 млрд 817 млн 096 мың теңгеге жоспарланып, 4 млрд 747 млн 965 мың теңгеге 33 конкурс жарияланып, 112 млн 103 мың теңгеге 10 келісім шартқа отырды. Қалыптасқан шартты үнем 11 млн 881 мың теңге (Республикалық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 1 конкурс, облыстық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 8 конкурс, аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы 15 конкурс, ББӘ бойынша 9 конкурс):

  • Республикалық бірыңғай ұйымдастырушы ("Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" РММ) арқылы 1 конкурс 5 млн 804 мың теңгеге жарияланып, бүгінгі күнге түскен өтінімдер қаралу үстінде.
  • Облыстық бірыңғай ұйымдастырушы (Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы) арқылы 8 конкурс 4 млрд 412 млн 586 мың теңгеге жарияланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
  • Аудандық бірыңғай  ұйымдастырушы  арқылы    15 конкурс 289 млн 260 мың теңгеге жарияланып, 103 млн 813 мың теңгеге келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 11 млн 186 мың теңге.
  • Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері арқылы  9 конкурс 40 млн 314 мың теңгеге жарияланып, 8 млн 290 мың теңгеге келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 695 мың теңге.

Аудан көлемінде  іске асырылған ірі жобалардың  мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:

Құрылыс  жұмыстары бойынша   - Ақтоғай ауылының солтүстік - батыс шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу (сумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру, қазандығы бар жылу желілері, телефондандыру) – 367 млн 707 мың теңгеге,   Ақтоғай ауылында кәріз желілерінің құрылысы – 2 млрд 548 млн 537 мың теңгеге, Шашубай кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесі, 9-үй 100 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру – 680 млн 278 мың теңгеге, Ақтоғай ауылы, солтүстік-батыс шағын ауданында ИКИ (қосалқы станциясымен 35 кВ электр желісін, 16 көппәтерлі және 30 бір бөлмелі жалдамалы тұрғын үйлерге 10 және 0,4 кВ электр желісін) салу» жұмысы - 572 млн 662 мың теңгеге жарияланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша - Қусақ ауылдық округі, Қошқар ауылы клуб үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу - 38 млн 694 мың теңгеге жарияланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша -  Шашубай кенті, Ж.Ақбергенұлы көшесіндегі кентішілік автомобиль жолын орташа жөндеу – 72 млн 245 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі Абай Құнанбаев №35 және Шашубай Қошқарбайұлы №12 көп қабатты үйлердің қасбеттері мен төбесін ағымдағы жөндеу жұмыстары – 18 млн 670 мың теңгеге, «Сарышаған кентінің көпқабатты тұрғын үйлерін абаттандыру және ағымдағы жөндеу» жұмысы – 48 млн 991 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары – 3 млн 150 мың теңгеге,  Шашубай кентінің әкімдік ғимаратының санитарлық үй-жайларын ағымдағы жөндеу – 4 млн 759 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі көше жарығын ағымдағы жөндеу – 4 млн 950 мың теңгеге, Шашубай кентінің әкімдік ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу – 11 млн 033 мың теңге,  Қараменде би ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының сыртын жөндеу 2 млн 992 мың теңгеге, Торанғалық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратын жөндеу 3 млн 733 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отыру үстінде.

Абаттандыру  жұмыстары  бойынша - Шашубай кентінің (Сейфуллин, Құнанбай,  Ақбергенұлы) көппәтерлі тұрғын үйінің аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыс - 123 млн 474 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар - 54 млн 917 мың теңгеге, Ақтоғай ауылының жарықтандыру объектілері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары – 12 млн 443 мың теңгеге жарияланып, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша - Сарышаған кенті 3 шағын ауданындағы №4 авариялық тұрғын үйді қалпына келтіру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар – 7 млн 143 мың теңгеге жарияланып, конкурс жеңімпазы "Корпорация "Асыл-Строй" ЖШС-мен 6 млн 429 мың теңгеге келісім шартқа отырды, қалыптасқан шартты үнем 714 мың теңге.

Сонымен қатар, бірқатар басқа да  аудандық  маңыздағы жолдарды күтіп ұстау, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарының техникалық қадағалау қызметтері, күзет қызметтері, компьютер сатып алу, дыбыс жазу студиясы жиынтығымен сатып алу, ведомствадан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстары (Шашубай кентіндегі жылу қазандығы, Жетімшоқы, Сарышаған, Ақжайдак, Қарасу ауылдарының су желілерінің, Кежек, Жалаңаш ауылдарының мал молалары, Ақтоғай ауылына бассейн салу) бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы  заңдылықтар  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасын тауып келеді. Жыл басынан бері Қарағанды облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті мамандарының бірлескен 2022 жылы мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңанамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 27 қаңтарда және 4 ақпанда бейнеконференция режимінде семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңестің материалдары (хаттамалар, аудио жазбалар) ауданның барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне таратылды. Бөлімнің ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша 11 наурызда  бейнеконференция режимінде семинар-кеңес өткізілді.  Мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына және  веб-порталына енгізілген  өзгерістер туралы бөлім тарапынан  барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне хаттар жолданып, аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында  жарияланып отырылады. Бюджеттік бағдарлама  мамандары мен  бухгалтерлері арасында  іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап)  арқылы да түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.

2022 жылғы І тоқсанда мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстары туралы
Дата публикации
06 апреля 2022