2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№242 Ақтоғай ауданының
экономика және қаржы бөлімі
басшысының бұйрығымен
бекітілген
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;
2) мүдделер қақтығысының туындауының кез келген мүмкіндігіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;
3) Жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге;
4) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін пайдаланбауға;
5) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы, үнемді және өзге де құзыретті тәсілдерін қолдануға;
6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін ұдайы арттыруға;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметтік жағдайын теріс пайдалануға, негізсіз төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне, сондай-ақ дөрекілік пен алауыздық көріністеріне жол бермеуге;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;
9) әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауға және талап етуге міндетті.
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;;
2) құпиялылықты сақтауға және қызметтік және мемлекеттік құпияны қамтамасыз етуге;
3) кәсіби (қызметтік) этиканы сақтауға;
4) оны басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы бөлім басшысына/аудан әкіміне, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
6) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
8) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе мүдделік білдіруден, сол сияқты олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан тартынуға;
9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауға;
10) әріптестеріне және басшыларға олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын өтініштерден тартынуға;
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
1) мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін Нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырсын;
2) сараптамалық қорытындылар алу үшін, мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық палатасына және кәсіпкерлер қауымдастығына жіберуге;
3) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, оларды сараптамалық кеңестің отырысында қарағанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ұсыныстарды ұсыну үшін ауданның Қоғамдық кеңесіне жіберу;
5) нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларды пайдаланбауға міндетті.
3.4. Тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың өтініштерін қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
2) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және шынайы мәліметтер беруге;
4) мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
5) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету;
6) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы аппарат басшысына/аудан әкіміне немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Мемлекеттік қызмет туралы Заңдардың талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға;
3) аудан әкімінің өкімдерін, қаулыларын және тапсырмаларын орындау;
4) әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеуге;
5) қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамауға;
6) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көншітпеуге және көтермелемеуге;
7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға міндетті.