Ауданның 2022 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 14788,2 млн.теңге, өткен жылмен (8092,5 млн. теңге) салыстырғанда өсім 182,7%. Нақты көлем индексі 171,6% құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 8796,5 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 59,5%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 4856 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3584,0 млн.теңге) 135,5% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 340 кг немесе өткен жылмен (268 кг) салыстырғанда 126,9%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 50,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (50,4 млн.теңге) 100,2%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 51,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (51,3 мың тонна) 100%;
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 4,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 1–П есебін тапсырмағандықтан салыстырмалы көрсеткіш жоқ;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 1,0 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1,0 млн. теңге) 100% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 3884,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 191,5 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 16 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 5991,7 млн.теңге немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 134,4% (4457,1 млн.теңге) құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 355,0 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (308,8 млн. теңге) 115%. Нақты көлем индексі 104,5% .
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 227,9 тонна, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (215,1 тонна) 6%, сүт өндіру 483,2 тонна немесе (464,2) 4,1%, тауық жұмыртқасы 67,0 мың данаға немесе (68,3 мың дана) 4,2% өсті.
2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 58866 бастан 63031 басқа немесе 7,1%, қой-ешкі 102973 бастан 109117 басқа немесе 6%, жылқы саны 33142 бастан 37510 басқа немесе 13,2% өссе, құс 23069 бастан 22517 басқа 2,4% төмендеді.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 172,8 млн.теңге, 2021 жылдың сәйкес мерзімімен (1156,8 млн.теңге) салыстырғанда 14,9%. Нақты көлем индексі 13,9% .
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 172,8 млн.теңге;
Төмендеу себебі: 2021 жылдың қаңтар айында «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының 957,0 млн.теңгег жаңа технология құрылғысын алуына байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1465 бұл 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1413 субъекті) 103,7%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі орындалмаған, 2021 жылдың сәйкес мерзімінде 189,5 млн. теңгені құрады.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 2020 және 2021 жылдың қаңтар айларында орындалмаған.
Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 117,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 140,7% құрады. 99,9 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 117,6%.
Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 259 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (268 адам) 96,6%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 40 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (61 адам) 65,6%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар жоқ, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 22 адам қамтылған.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 126 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (159 адам) 79,2%.
Денсаулық саласы
2021 жылдың желтоқсан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 18,97 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (19,02) 99,7%.
Өлім коэффициенті желтоқсан айында 9,87 немесе 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,33) 105,8%.
Нәресте өлімі коэффициенті 2020 және 2021 жылдың қаңтар айларында тіркелмеген.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (695 адам) 116,5%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 616 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 109,6%.
Оқушылар саны 2938, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша қаңтар айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 10 немесе 83,3% құрады.
Ауыр қылмыстан 3 жағдай тіркелген, ашылмаған.