Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 6-2 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларына» сәйкес «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» порталына 2021 жылғы бюджеттерін аудандағы 15 мекеме, кәсіпорындар жариялады.
Aktogaiaudanyakimdigi инстаграмм парақшасында тікелей эфирде әр сәрсенбі сайын мекемелер мен ұйымдар басшыларының 2020 жылғы бюджеттің орындалысы және 2021 жылы бюджетке жоспарланған іс-шаралар туралы 23 рет сұхбаттар өткізді.
29.01.2021 ж аудандық «Aqtogai ajary» газетіне «Жүйелі жобаның жүзеге асу барысы» атты мақала жарияланды.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасының халық арасында кең қолданысқа ие болуы мақсатында бюджеттік мекемелер ғимараттарының сыртқы қабырғасына QR-коды бар тақтайшалар орнатылды.