Ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 141055,8 млн.теңге, өткен жылмен (115701,3 млн. теңге) салыстырғанда өсім 121,9%. Нақты көлем индексі 104,6% құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 110346,6 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 78,2%. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 65093 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда (54,8 млрд.теңге) 114,9% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 3663 кг немесе өткен жылмен (3046 кг) салыстырғанда 120,2%;
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 578,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда (578 млн.теңге) 100,1%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 655,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (613,9 мың тонна) 106,7%;
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 54,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда (219,2 млн.теңге) 24,9%. Өткен жылмен салыстырғанда (401 тонна) заттай түрде өндірілген балық 210 тонна;
Кәсіпорынның орта кәсіпорыннан шағын кәсіпорынға өзгеруіне байланысты өнім көлемі төмендеді.
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 10,0 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (10,0 млн. теңге) 100% ;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 44 610,8 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 2589,7 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 213,5 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 30709,2 млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 51,1% (60100 млн.теңге) құрады. Оның ішінде:
- «Ақтоғай Мыс» ЖШС бойынша 3000,0 млн.теңгенің өнімі өндірілді;
- «Балхаш» ЖШС бойынша 2100,0 млн.теңгенің өнімі өндірілді.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 26051,0 млн.теңге, 2020 жылмен салыстырғанда (21622,9 млн. теңге) 120,5%. Нақты көлем индексі 107,4% .
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 11224,1 тонна, өткен жылмен салыстырғанда (10657,3 тонна) 5,3%, сүт өндіру 36359,7 тонна немесе (35575,8) 2,2%, тауық жұмыртқасы 2508,7 мың данаға немесе (2407,3 мың дана) 4,2% өсті.
2020 жылмен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 58260 бастан 62358 басқа немесе 7%, қой-ешкі 103579 бастан 109794 басқа немесе 6%, жылқы саны 33298 бастан 37702 басқа немесе 13% өссе, құс 23239 бастан 22687 басқа 2,4% төмендеді.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 28315,9 млн.теңге, өткен жылмен (65060,5 млн.теңге) салыстырғанда 43,5%. Нақты көлем индексі 41,3% .
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 13119,0 млн.теңге;
- «Ақтоғай Мыс» АҚ-ның 426,0 млн.теңге;
- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 13733,7 млн.теңге;
- "Корпорация Ирказ Металл" ЖШС – 81,3 млн.теңге;
- ауыл шаруашылығы бойынша 455,7 млн.теңге (техника – 225,8 млн.теңге, техникалық қондырғылар – 32,0 млн.теңге, асыл тұқымды малдар – 72,4 млн.теңге, инвест.жобалар – 125,5 млн.теңге);
- өзге де қызметтер түрлерінен – 500,2 млн.теңге .
Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1457 бұл 2020 жылдмен салыстырғанда (1421 субъекті) 102,5%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 23928,4 млн.теңге, өткен жылмен (32220,5 млн. теңге) салыстырғанда 74,3%. Нақты көлем индексі 75%.
Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты құрылыс көлемі ұлғайған.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 20345 шаршы метр, өткен жылдың сәйкес мерзімінде (9464 шаршы метр) немесе 215%.
Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2844,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 108,8% құрады. 2623,5 млн.теңге көлеміндегі жоспардың орындалысы 108,4%.
Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 278 адам, 2020 жылмен салыстырғанда (259 адам) 107,3%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 771 адам, 2020 жылмен салыстырғанда (906 адам) 85,1%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 237 адам, 2020 жылмен салыстырғанда (286 адам) 82,9%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 296 адам, 2020 жылмен салыстырғанда (474 адам) 62,4%.
Денсаулық саласы
2021 жылдың қараша айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 18,86 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,83) 100,2%.
Өлім коэффициенті қараша айында 9,82 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (9,83) 99,9%.
Нәресте өлімі коэффициенті желтоқсан айында 5,10 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (13,60) 38%.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2020 жылмен салыстырғанда (695 адам) 116,5%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 616 адам, 2020 жылмен салыстырғанда 109,6%.
Оқушылар саны 2938, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша желтоқсан айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 95 немесе 117,3% құрады.
Ауыр қылмыстан 22 жағдай тіркелген, ауыр қылмысты ашу 87,5%.