«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

 

 

 

 «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

Ақтоғай ауданы                                                        2022 жылғы «6»қаңтар

 

«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына бөлім басшысының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №241 бұйрығы негізінде «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 31.12.2021 жыл -06.01.2022 жыл аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2021 жыл.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып мыналар табылды.

  • бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • сот актілері,шешімдері және атқару парақтарының орындалысы;
  • бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер, бұйрықтар;
  • мемлекеттік қызмет;
  • бөлім қызметкерлері мен жұмыскерлерінің мүдделерін қорғау комиссиялары;
  • ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жариялауы.

 

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу:

Бөлімге  2021 жылы жеке тұлғалардан - 12 өтініш, ал заңды тұлғалардан -2  өтініш келіп түскен және жеке қабылдау - 10. Келіп  түскен  өтініштердің  басым  бөлігі  «Дипломмен ауылға» бағдарламасына  қатысты. Олардың барлығына заңнамалық тәртіпте жауап жолданған. Талдау  жүргізу  мерзімінде бөлімде Қазақстан Республикасының  2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Әкімшілік рәсімдік кодексіне сәйкес және жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қабылдау  және есепке алу  электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі «Е-өтініш» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ай сайынғы салыстыру актілері жасалып отырылады. Бөлім басшысы әр аптаның  сәрсенбі күні  сағат 16.00-ден  бастап 18.00-ге дейін, бөлім басшысының орынбасары әр аптаның жұма күні  16.00-ден бастап 18.00-ге дейін жеке қабылдау жүргізеді. Бөлімде  лауазымды тұлғаларының қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін азаматтардың арыз-шағымдары салынатын арнайы жәшік орнатылған.  Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа  қол жеткізу туралы» Заңына  сәйкес мекеме орналасқан ғимаратта басшы құрамының азаматтарды қабылдау кестесі орнатылған.  Халықтың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға Интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы  жұмыс  жасайды. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.

Сот актілері, шешімдері және атқару парақтарының орындалысын зерттеу:

2021 жылы сот актілері мен шешімдері орындау мақсатында:

  1. 10.2021 жылғы №3516-21-00-2/1358 атқару парағы бойынша Мухаметжанов Сырымнан 4565 теңге өндірілді;
  2. 12.2017 жылғы №3536-17-00-2/201 атқару парағы бойынша 2021 жылы Сейтов Ержаннан 523 315 теңге өндірілді;
  3. 10.2021 жылғы атқару парағы бойынша Мухаметжанов Нурымнан 64817 теңге өндірілді;
  4. атқару парағы бойынша Таукеев Ергазыдан теңге өндірілді.

Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер мен бұйрықтарды зерттеу:

2021 жылы жеке құрам бойынша 109 бұйрық, негізгі қызметтер бойынша 240 бұйрық шыққан.

Бөлімнің штаттық  құрылымы:  мемлекеттік  қызметшілер  - 8, оның  ішінде  - 1 бөлім басшысы, 1 бөлім басшының орынбасары, 3 сектор меңгерушісі, 3 бас маман.

Есептік кезеңіңде жұмыстан босатылған және қызметке қабылданған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу заңы негізінде интернет -ресурс арқылы ашық өткізіледі.

Бөлімде әр аптаның сейсенбі күндері сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында құқықтық оқыту тұрақты жүргізілді.

Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.

 

Мемлекеттік қызметті зерттеу:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланатын мамандар өтініші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы Ақтоғай аудандық бөлімі және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта   қабылданады.

 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» 2-тарауының 6-тармағына сәйкес,  2021 жылға сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі   қалыптастырылып және келіп түскен ұсыныстармен толықтырылған нұсқасы аудан   әкімдігінің интернет-ресурсында, Әлеуметтік желілерде ашылған «aktogaiekonomika»  парақшасында жарияланып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына   мәлімет үшін ұсынылды.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен азаматтармен қарым-қатынасты орнатуға бағытталған бірқатар іс-шараларға сәйкес, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында, «Ашық бюджеттер» жобасы аясында есепті кезеңде бөлім басшысының орынбасары Н.Медеубек тікелей эфирде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы туралы сұхбат жүргізді, жергілікті газетке 2 рет мақала, сайтқа үнемі  ақпарлап мен өзгерістер туралы ақпараттар жарияланды.

01.01.2022 жылғы жағдайға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша есепті кезеңде қызмет алушылардан арыз-шағым түскен жоқ және мерзімі бұзылған қызметтер болған жоқ.

Есепті кезеңде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 80, Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"  арқылы 18 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, сонымен қатар,   бөлімде өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы құрылған және тұрақты түрде жұмыс істеуде.

Есепті кезеңде  базада жаңарту жүргізілген мезгілде 1 өтініш 10 рет, 1 өтініш 3 рет, 1 өтініш 2 рет  қайталап түсті және жауаптары берілді.

Сарышаған кентінде,  Ақтоғай ауылы, Қарабұлақ, Абай, Кежек, Тасарал, Ортадересін ауылдық округінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларын «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатыны жөнінде жарнама (бильборд)  халық көп жүретін аймаққа орналастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттық парақша қағаз тасымалдағышта шығарылып, мекемелерге таратылып, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышына орналастырылған.

Бөлімде ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арнайы материалдық техникалық базалармен жабдықталып, үнемі жұмыс жасауда.

     Көтерме жәрдемақы  бойынша 2021 жылға 20 маманға 5834,0 мың теңге жоспарланып, жыл ішінде түскен өтініштерге сәйкес 15 маманға 4376,0 мың теңгеге нақтыланды, есепті кезеңде кассалық шығыстар бойынша 35 маманға  10209,5 мың теңге  төленді. Оның ішінде:

  білім беру саласынан 24 маманға 7000,8 мың теңге;

  денсаулық сақтау саласынан 5 маманға 1458,5 мың теңге;

  әлеуметтік қамсыздандыру саласынан 1 маманға 291,7 мың теңге;

  мәдениет саласынан 1 маманға 291,7 мың теңге;

  ветеринария саласынан 2 маманға 583,4 мың теңге;

  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері         2 маманға 583,4 мың теңге.

    Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 2021 жылға 10 маманға 43610,0 мың теңге жоспарланып, сатып алатын тұрғын үйді бағалау есебінен қалыптасқан үнем 1 маманға  төленіп, есепті кезеңде кассалық шығыстар   11 маманға  44167,0 мың теңге  игерілді. Оның ішінде:

  білім беру саласынан 7 маманға 27618,2 мың теңге;

  мәдениет саласынан 1 маманға 4375,5 мың теңге;

  ветеринария саласынан 2 маманға 8751,0 мың теңге;

  ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне -1 маманға 3422,3 мың теңге.

Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ.

Бөлім қызметкерлері мен жұмыскерлерінің мүдделерін қорғау комиссияларын тексеру:

     Бөлімде қызметкерлер мен жұмыскерлердің еңбек өтілін анықтау және қызметкерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссиялар жұмыс жасайды. Комиссия шешімдерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін фактілер анықталған жоқ

Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жариялауы

Қазақстан Республикасының  «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 6-2 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығымен бекітілген «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларына» сәйкес «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» порталыны 2021 жылғы бюджеттерін аудандағы 15 мекеме, кәсіпорындар жариялады.

Aktogaiaudanyakimdigi  инстаграмм парақшасында тікелей эфирде әр сәрсенбі сайын мекемелер мен ұйымдар басшыларының 2020 жылғы бюджеттің орындалысы және 2021 жылы бюджетке жоспарланған іс-шаралар туралы 23  рет сұхбат өткізілді.

29.01.2021 ж аудандық «Aqtogai ajary» газетіне «Жүйелі жобаның  жүзеге асу барысы» аттық мақала жарияланды.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасының халық арасында кең қолданысқа ие болуы мақсатында бюджеттік мекемелер ғимараттарының сыртқы қабырғасына QR-коды  бар тақтайшалар орнатылды.

 

 

 

 

Қорытынды.

Жоғарыда негізделгендей,  бөлім қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық орын алған жоқ. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ұсыныстар:

Бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдалану.

 Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын  жүргізуде  әлеуметтік  желілерді,  интернет-ресурсты  кеңінен  қолдану; 

Бөлімнің   интернет-ресурсын  жүргізуде  Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 16 қарашадағы  «Ақпаратқа  қол жеткізу  туралы»  Заңының  талаптарының  сақталуын  қадағалау;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;

адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың салдары туралы құқықтық оқыту өткізу

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға арналған іс-шаралар жоспарының  орындалысын  одан әрі  қамтамасыз ету.

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі Н.Медеубек ________________

Жұмыс тобының хатшысы К.Абжанова ________________

 

Жұмыс тобының мүшелері

М.Ашимбекова__________________

Б.Аятбекова_________________

 

 

 

«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
03 февраля 2022