2021 жылы коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар туралы

2021 жылы коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар  туралы

 

       Ақтоғай ауданы бойынша 2021  жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 38 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:

  • 29 – мемлекеттік мекеме,
  • 3 – коммуналдық мемлекеттік мекеме,
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын,
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын,
  • 4 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2020 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 4457, баланстық құны – 461 млн 345 мың теңгені құрайды.

Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

         2021 жылы құқық белгілейтін құжаттары жасалған 47 нысан:

  • Сарышаған кентіндегі су желілері – 2 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған кентіндегі жылу желілері – 8 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған кентідегі жылу қазандықтары – 2 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі кәріз желілері – 4 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған кентіндегі кәріз желісінің сорғы станциясы – 4 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Қошқар, Қарасу, Абай, Акшкол, Ақтоғай, Шабанбай би, Ақжарық, Қуаныш, Нарманбет, Ақтас, Тасарал, Ортадересін, Шұбартүбек, Торанғалық ауылдарының кірме жолдары мен Балқаш-Саяқ автомобиль жолы – 27 нысанның техникалық төлқұжаты жасалынып, мемлекеттік тіркеуге тіркетілді.

       Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес  аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2021 жылға 19 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 маусымдағы №615 қаулысымен бекітілген дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және ресімдеу қағидасына сәйкес, амортизация сомасы, пайдаланау мерзімі келуіне және мүлікті қалпына келтіру экономикалық орынсыз болуына байланысты 3 мекемеден 74 дана негізгі құралдар шығыстан шығарылды:

  • «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің теңгеріміндегі 45 дана негізгі құралдар;
  • «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің теңгеріміндегі 26 дана негізгі құралдар;
  • «Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің теңгеріміндегі 3 дана негізгі құралдары шығыстан шығарылып. бюджетке 15,0 мың теңге түсім түсті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы  «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» №908 қаулысына сәйкес  Жекешелендірудің 2021-2025 жылдардағы Кешенді жоспарына  Ақтоғай ауданы бойынша енгізілген объектілер Қарағанды облысы әкімі орынбасарының 19 наурыз 2021 жылы бекіткен кестесіне сәйкес, 2021 жылы «Aqtoǵaı ajary» Ақтоғай аудандық газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бәсекелес ортаға беру бекітілген іс шараға сәйкес жүргізілді. Электрондық тендердің қорытындысына сәйкес,  жеңімпаз   Елеусизова Гулнар Метаевна 4 млн 100 мың теңгеге ұйымның жұмыс бейінін 20 жылға дейін сақтау шартымен сатып алды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес «Қызыларай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі "Uaz Patriot" автокөлігі электрондық аукцион арқылы бағаны көтеру әдісімен 2 млн 086 мың теңгеге сатылды.

Мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке барлығы 6 млн 186 мың теңге түсім түсті.

Аудан әкімдігінің 15.01.2021 жылғы №02/02 қаулысымен Ақтоғай, Қарасу  ауылдарында, Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі 15 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;

26.03.2021 жылғы №15/02 қаулысымен «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылындағы су желілері «Ақтоғай Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;

05.04.2021 жылғы №17/04 қаулысымен Сарышаған кентіндегі Абай көшесі, 20 үй, 12 пәтер, 3 ықшам ауданы, 12 үй, 58 пәтер облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;

07.04.2021 жылғы №18/12 қаулысымен «Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында ветеринариялық пункт салу» жобалау-сметалық құжаттамасы облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;

03.06.2021 жылғы №24/03 қаулысымен Ортадересін ауылдық округі аумағында орналасқан «Қаработа 1», «Қаработа 2», «Бектауата 2» су нысандары «Ортадересін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жергілікті өзін-өзі басқраудың коммуналдық мүлік деңгейіне берілді;

06.03.2021 жылғы №49/02 қаулысымен «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 16 елді мекенде орнатылған көше жарықтары нысандары ауданның коммуналдық меншігіне алынды;

10.11.2021 жылғы №59/01 қаулысымен Ақтоғай ауылы, К.Байсейітова көшесі, 27 үйдің 1, 2, 3, 4 пәтерлері облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;

15.12.2021 жылғы №65/03  қаулысымен «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Сарышаған кентіндегі су, кәріз, жылу желілері, жылу орталықтары  «Ақтоғай Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарғылық капиталын ұлғайту үшін берілді.

         2020 жылы  коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 13.01.2021  жылы аудан  әкімінің  ресми  интернет-ресурсына, 2021 жылдың әр тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде экономика және қаржы бөлімінің ресми интернет-ресурсына 30.03.2021, 22.06.2021, 19.10.2021 жылы  орналастырылды. Сондай-ақ, 24.04.2021 жылы ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция режимінде «Мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алу)»  тақырыбында, 03.09.2021 жылы «Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы» бюджеттік бағдарлама әкімгерелері мен ауыл, кент, ауылдық округ мамандарымен онлайн-кеңес өтті. Мамыр-маусым айларында кент, ауыл, ауылдық округтерге коммуналдық меншікті басқару бойынша түсіндіру мақсатында іс тәжірибелік көмектер көрсетуге бөлім мамандары іс сапарға  барды.

 

         «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

2021 жылы коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар туралы
Дата публикации
11 января 2022