Мемлекеттік, салалық және даму бағдарламалары туралы
Аудан бойынша 7 мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар іске асырылуда. Атап айтқанда:
- «Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге 215,4 млн.теңге қаралып, 215,4 млн.теңгесі игерілді;
- «2020-2025 жылдарда Қазақстан Республикасы бойынша тілдерді дамыту бағдарламасы» бойынша 0,7 млн.теңге қаралып, 40 адам ағылшын тілі курсынан өткізілді;
- «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына 142,4 млн.теңге қаралды. Бағдарлама аясында еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстары, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына, мемлекеттік гранттар, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 11 айда 130,4 млн.теңгесі жұмсалды.
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Ақтоғай ауылындағы солтүстік-батыс мөлтек ауданында төрт 16 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 100,0 млн.теңге және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 84 млн.теңге қаралды.
- Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша семинарлар өткізу, бейімделген тұлғалармен жеке кездесулер өткізу, дін бойынша буклеттер, плакаттар дайындау шараларына 1,5 млн.теңге қаралды;
- «Өңірлерді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 607,3 млн.теңге қаралып, 510,9 млн.теңгесі игерілді. Бағдарлама аясында біршама жобаларға сметалық құжаттар дайындау және сараптамадан өткізу шаралары іске асырылатын болса, сонымен қатар:
- Кежек ауылына ауыз су құбыры желісін салуға 140,7 млн теңге аудандық бюджеттен қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.
- «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасына 2020 жылдан 2021 жылға жалғасқан Ақтоғай ауылындағы демалу саябағын қалпына келтіру жобасына 88,7 млн,теңге, Сарышаған кентіндегі Тәуелсіздік, Ынтымақ, Достық көшелерінің, Сәуле ауылының Қоңырат, Бейбітшілік және Үшарал ауылының Бәйтерек көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 272,1 млн.теңге қаржы қаралды. Ашылатын жұмыс орны 35.
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 2021 жылға 35 маманға 10210,0 мың теңге жоспарланған, есепті кезеңде кассалық шығыстар бойынша 35 маманға 10209,5 мың теңге төленді. Оның ішінде:
- білім беру саласынан 24 маманға 7000,8 мың теңге;
- денсаулық сақтау саласынан 5 маманға 1458,5 мың теңге;
- әлеуметтік қамсыздандыру саласынан 1 маманға 291,7 мың теңге;
- мәдениет саласынан 1 маманға 291,7 мың теңге;
- ветеринария саласынан 2 маманға 583,4 мың теңге;
- ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінен 2 маманға 583,4 мың теңге.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит 2021 жылға 10 маманға 44167,0 мың теңге жоспарланған, есепті кезеңде кассалық шығыстар бойынша 11 маманға 44167,0 мың теңге төленді. Оның ішінде:
- білім беру саласынан 7 маманға 27618,2 мың теңге;
- мәдениет саласынан 1 маманға 4375,5 мың теңге;
- ветеринария саласынан 2 маманға 8751,0 мың теңге;
- ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінен 1 маманға 3422,3 мың теңге.