Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы» №139 бұйрығына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Аудан әкімі |
|
С.Әбеуова |
|
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «24» қарашадағы №62/02 қаулысына қосымша |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
1-тарау. Негізгі ережелер
2-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге (әрі қарай – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге арналған шығындардан (әрі қарай – күрделі шығындар) тұрады.
4-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
2) Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
мұнда:
– і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;
Зj –ауданның барлық өңірлерінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;
– і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округте j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа аудандық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің халқы санының болжамы;
Халі – i- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халық санының болжамы;
Халі – і Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) ауқым коэффициенті:
мұнда:
– аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;
– бір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ халқының орташа санының болжамы;
Халi – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі халық санының болжамы.
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
4) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:
мұнда:
Халітоп – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;
Халі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің халық санының болжамы.
Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
5) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;
– j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
6) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;
рi – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округте халықтың тығыздығы;
– Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
7) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– аудан бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
8) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
9) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтегі жылыту маусымының кезеңі;
– аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудантағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
5-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Әрбір аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Аудандық бюджет пен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
6-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудан (аудандық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
|
|
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер |
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі
|
Функционалдық кіші топтардың атаулары |
Көрсеткіштері |
Коэффициенттері |
|
1 |
2 |
3 |
|
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
||
|
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар |
Тұрақты халық саны |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
|
Қаржылық қызмет |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
|
|
5.Денсаулық сақтау |
||
|
Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер |
Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
|
6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
||
|
Әлеуметтік көмек |
Тұрақты халық саны |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы өзге де қызметтер |
қоныстандыру дисперсиялығы; |
|
|
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
||
|
Тұрғын үй шаруашылығы |
Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр) |
урбандалу; |
|
Коммуналдық шаруашылық |
Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
|
Елді мекендерді көркейту |
тығыздық; |
|
|
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
||
|
Мәдениет саласындағы қызмет |
Тұрақты халық саны |
урбандалу; |
|
Спорт |
урбандалу; |
|
|
12. Көлік және коммуникации |
||
|
Автомобиль көлігі |
Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр) |
урбандалу; |
|
13. Басқалар |
||
|
Басқалар |
Тұрақты халық саны |
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу |