Ауданның 2021 жылдың қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 121070,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (94048,3 млн. теңге) салыстырғанда өсім 128,7%. Нақты көлем индексі 136,6% құрайды.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 97838,3 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 80,8% құрайды. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 54137,0 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (45779 млн. теңге) 118,3% орындады. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 2767 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (2700 кг) салыстырғанда 102,5%.
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 531,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (489,6 млн. теңге) 108,5%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 555,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (480,8 мың тонна) 115,6%;
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 73,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда (178,0 млн.теңге) 41,3%. Заттай түрде өндірілген балық 190 тонна;
Кәсіпорынның орта кәсіпорыннан шағын кәсіпорынға өзгеруіне байланысты өнім көлемі төмендеді;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 8,0 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (8,0 млн. теңге) 100%;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 43088,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 2170,1 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 183,0 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 23231,8 млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 42,5% (47031,3 млн. теңге) құрайды.
«Ақтоғай Мыс» ЖШС бойынша 2985.6 млн.теңгенің өнімі өндірілді;
«Балхаш» ЖШС бойынша 1822,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 19461,2 млн.теңге 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (16562,8 млн. теңге) 117,5% . Нақты көлем индексі 101,7% .
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 6687,6 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6367,1 тонна) 5%, сүт өндіру 28717,4 тонна немесе (28131,1) 2,1%, тауық жұмыртқасы 2165,0 мың данаға немесе (2089,1 мың дана) 3,6% өсіммен орындалды.
2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 56014 бастан 61020 басқа немесе 8,9%, қой-ешкі 113316 бастан 125909 басқа немесе 11,1%, құс 18303 бастан 19951 басқа немесе 9%, жылқы саны 30531 бастан 34391 басқа немесе 12,6% өсті.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 24246,2 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (60849,1 млн.теңге) салыстырғанда 39,8%. Нақты көлем индексі 38,2% .
- «Алтыналмас АК» АҚ-ның 11817,0 млн.теңге;
- «Ақтоғай Мыс» АҚ-ның 426,0 млн.теңге;
- «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 11434,3 млн.теңге;
- "Корпорация Ирказ Металл" ЖШС – 81,3 млн.теңге;
- Ауыл шаруашылығы бойынша 85,0 млн.теңге;
- өзге де қызметтер түрлерінен – 402,6 млн.теңге .
Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1454 бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1418 субъекті) 102,5%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 18286,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (28025,8 млн. теңге) салыстырғанда 65,2%. Нақты көлем индексі 65,8% .
Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты құрылыс көлемі ұлғайған.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 18288 шаршы метр, өткен жылдың сәйкес мерзімінде (8414 шаршы метр) немесе 217,4%.
Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2325,6 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 111% құрайды. Жоспар 1959 млн.теңге орындалысы 118,7%.
Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 289 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (323 адам) 89,5%. Жұмысқа орналастырылғандар саны 695 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (831 адам) 83,6%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 217 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (262 адам) 82,8%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 278 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (462 адам) 60,2%.
Денсаулық саласы
2021 жылдың қыркүйек айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 18,36 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,37) 99,9%.
Өлім коэффициенті қыркүйек айында 9,96 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (11,01) 90,5%.
Нәресте өлімі коэффициенті қазан айында 6,00 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (15,50) 39%.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (695 адам) 116,5%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 616 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 109,6%.
Оқушылар саны 2938, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша қазан айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 79 немесе 103,9% құрайды.
Ауыр қылмыстан 22 жағдай тіркелген, ауыр қылмысты ашу 92,3%.