Ауданның 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

                                                                                             

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 102924,8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (84237,6 млн. теңге) салыстырғанда өсім 112,2%.  Нақты көлем индексі 139,2% құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 85166,5 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 82,7% құрайды. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 48702,0 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (41823 млн. теңге) 116,4% орындады. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 2000 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (2256 кг) салыстырғанда 88,7%.  2021 жылдың маусым айынан бастап  кәсіпорын өнім өндіретін жаңа «СІР» бағдарламасы енгізілуіне сәйкес өндірілген өнім көлемі толықтай бағдарламаға енгізілмеуде, жыл соңына дейін реттелетін болады.

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 481,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (431,9 млн. теңге) 111,5%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 504,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (474,1 мың тонна) 106,5%;

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 60,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда (146,8 млн.теңге) 40,9%. Заттай түрде өндірілген  балық 190 тонна;

Кәсіпорынның орта кәсіпорыннан шағын кәсіпорынға өзгеруіне байланысты  өнім көлемі төмендеді;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 7 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7 млн. теңге) 100%;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 35916,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 2011,2 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 167,0 мың тоннаға орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  17758,3  млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 42,5% (41828,9 млн. теңге) құрайды.

«Ақтоғай Мыс» ЖШС бойынша 2985.6  млн.теңгенің өнімі өндірілді;

«Балхаш» ЖШС бойынша 1822,6  млн.теңгенің өнімі өндірілді.

 

Ауыл шаруашылығы 

          Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 16280,8 млн.теңге 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (13863,3 млн. теңге) 117,4% . Нақты көлем индексі 101,9% .

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 5957,3 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5673,4 тонна) 5%, сүт өндіру 25621,9 тонна немесе (25078,8) 2,2%, тауық жұмыртқасы 1890,1 мың данаға немесе (1824,1 мың дана) 3,6% өсіммен орындалды.

2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 57422 бастан 62438 басқа немесе 8,7%, қой-ешкі 116368 бастан 128810 басқа немесе 12,6%, құс 19138 бастан 20821 басқа немесе 8,8%,  жылқы саны 30946 бастан 34840 басқа немесе 12,6% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23182,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (59549 млн.теңге) салыстырғанда 38,9%. Нақты көлем индексі 37,4% .

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1442 бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1406 субъекті) 102,6%.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 17017,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (27118,4 млн. теңге) салыстырғанда 62,8%.  Нақты көлем индексі 63,2% .

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты құрылыс көлемі ұлғайған.

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 18092  шаршы метр,  өткен жылдың сәйкес мерзімінде (6681шаршы метр) немесе 270,8%.

  • жеке салушылар есебінен – 16086 шаршы метр;
  • кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен – 2006 шаршы метр («Алтыналмас АК» АҚ-ның жұмысшыларға арналған жатақханасы)

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2232 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 118% құрайды. Жоспар 1858 млн.теңге орындалысы 120,1%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 399 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (433 адам)  92,1%. Жұмысқа орналастырылғандар саны 532 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (689 адам)  77,2%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 214 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (249 адам) 85,9%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 250 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (428 адам) 58,4%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2021 жылдың тамыз айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 17,53 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (17,85)  98,2%.

Өлім коэффициенті тамыз айында 9,07 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (11,32)  80,1%.

Есепті мерзімде нәресте өлімі тіркелмеген.

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (930 адам) 87,1%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 616 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 104,4% қамтылып отыр.

Оқушылар саны 2938, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша қыркүйек айының қорытындысымен тіркелген қылмыстар саны 72 немесе 116,1%  құрайды.

Ауыр қылмыстан 23 жағдай тіркелген, ауыр қылмысты ашу 91,7%.

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері
Дата публикации
20 октября 2021