2021 жылдың 9 айында мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы
2021 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 3 млрд 211 млн 213 мың теңгеге жылдық жоспар орналастырылып, 2 млрд 739 млн 817 мың теңгеге 1377 шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 317 млн 464 мың теңге. Яғни:
Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы 1137 мемлекеттік сатып алу 468 млн 428 мың теңгеге жоспарланып, 389 млн 770 мың теңгеге 800 шартқа отырылды. (1С бухгалтерия, құжат айналымы, ақпараттық есептеу орталығы, пошта, интернет, байланыс, жылу, су және банк қызметтері, жер кадастры жұмыстары т.с.с)
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы 1181 мемлекеттік сатып алу 509 млн 026 мың теңгеге жоспарланып, 515 млн 554 мың теңгеге 508 келісім шартқа отырылды (өтпеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден сатып алуларды қоса алғанда), қалыптасқан шартты үнем 46 млн 388 мың теңге.
Тауар биржасы арқылы 7 мемлекеттік сатып алу (көмір) 26 млн 687 мың теңге. (ТҮКШ,АЖ,ЖК және ТҮИ, мәдениет және тілдерді дамыту, экономика және қаржы,ауылшаруашылығы бөлімдері,Ақтоғай, Тасарал, Ортадересін). 21 млн 955 мың теңгеге 6 келісім шартқа отырылды.
Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс 4 мемлекеттік сатып алу (ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы) 7 млн 039 мың теңгеге жоспарланып, 6 млн 661 мың теңгеге 4 келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 378 мың теңге.
Тұрғын үй сатып алу 8 мемлекеттік сатып алу (ТҮКШ,АЖ,ЖК және ТҮИ (8), құрылыс (2) бөлімдері) 42 млн 300 мың теңге.
Конкурстар бойынша (ашық және біліктілікті алдын-ала анықтау тәсілдері арқылы) 65 мемлекеттік сатып алу 2 млрд 157 млн 733 мың теңгеге жоспарланып, бүгінгі күнге 64 конкурс 2 млрд 153 млн 092 мың теңгеге жарияланды, 1 млрд 804 млн 877 мың теңгеге 59 келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 271 млн 076 мың теңге.
Оның ішінде:
мемлекеттік сатып алу басқармасы) арқылы 4 конкурс 706 млн 475 мың теңгеге жарияланып, 634 млн 287 мың теңгеге келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 72 млн 188 мың теңге.
285 мың теңгеге жарияланып, 92 млн 132 мың теңгеге келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 18 млн 111 мың теңге.
Аудан көлемінде іске асырылған ірі жобалардың мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:
Құрылыс жұмыстары бойынша - Ақтоғай ауылында төрт 16 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмыстарына 491 млн 865 мың теңгеге сатып алу жарияланып, «KZ Центр» ЖШС – мен 442 млн 678 мың теңгеге, Ақши ауылына су желісі құрылысы жұмыстарына 183 млн 805 мың теңгеге сатып алу жарияланып, "КазЕвроСтрой" ЖШС-мен 165 млн 425 мың теңгеге келісім шартқа отырылды.
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша – Ақтоғай ауылындағы Нарманбет көшесі, 6А мекен жайындағы ғимараттың сыртын күрделі жөндеу жұмыстарына 49 млн 641 мың теңгеге сатып алу жарияланып, 38 млн 284 мың теңгеге, Ақтас клуб үйін күрделі жөндеу жұмыстары 38 млн 135 мың теңгеге жарияланып, 34 млн 322 мың теңгеге жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша – Қусақ, Айыртас ауылдарының ауылішілік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына 23 млн 741 мың теңгеге сатып алу жарияланып, 23 млн 503 мың теңгеге, Ортадересін, Айыртас ауылдық округтерінің әкімшілік ғимараттарына, аудан әкімі аппаратының жылу беру жүйесін жөндеуге 26 млн 466 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар жарияланып, 16 млн 151 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі екі қабатты тұрғын үйдің шатыр мен қасбетін ағымдағы жөндеу жұмысы – 14 млн 207 мың теңгеге жарияланып, 10 млн 100 мың теңгеге келісім шартқа отырылды. Сонымен қатар, Сарышаған кентіндегі су сорғы станциясын ағымдағы жөндеу және дизельді генератор орнату жұмыстары 11 млн 230 мың теңгеге, Сарышаған кентіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстары 18 млн 958 мың теңгеге, Шашубай кентіндегі орталық қазандық пен жылу қазандығын ағымдағы жөндеу 13 млн 088 мың теңгеге, Ақтоғай ауылындағы пәтерлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары 19 млн 853 мың теңгеге, Жидебай ауылдық округіндегі көшеішілік жолдарды орташа жөндеу 107 млн 465 мың теңгеге, Сарышаған кентіндегі кентішілік жолдары орташа жөндеу 130 млн 132 мың теңгеге, Тасарал ауылына кіре беріс 0-13,4 автомобиль жолын орташа жөндеу (қайта өңдеу) 458 млн 912 мың теңгеге, ауыл шаруашылығы бөлімі ғимаратының жылу беру жүйесін ағымдағы жөндеу 3 млн 304 мың теңгеге, Сарышаған кентіндегі, 3 мөлтек ауданы, №10,12 үйлердің шатырларын ағымдағы жөндеу 13 млн 160 мың теңгеге сатып алудар жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды.
Абаттандыру жұмыстары бойынша 277 млн 990 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар жарияланып, 177 млн 312 мың теңгеге келісім шартқа отырылды. Атап айтқанда, Ақтоғай ауылының Шорин көшесіне балалар және спорт алаңын орнату, Шорин көшесіндегі саябақты абаттандыру, «Алаш алыңындағы» су бұрқақты ағымдағы жөндеу, Ермеков, Тоқырауын, Жидебай көшелеріне дала шамдарын орнату, «Ақ қайындар» бағы саябағында киіз үйді абаттандыру, Сарышаған кентінде көпфункционалды хоккей кортын, балалар ойын алаңын, Балхаш, Бәйтерек көшелеріне көше шамдарын орнату, Шашубай кентіндегі орталықтандырылған жасыл желектерді суару жүйелерін ағымдағы жөндеу, шағын футбол алаңын, дала спорт тренажерлары мен балалар ойын алаңын, аялдамалар орнату, Ж.Шайдаров атындағы саябақтың сыртқы жарықтандыру жұмыстары, Ж.Шайдаров атындағы саябақтың «Құрмет алаңы» аумағын абаттандыру, Ақтоғай ауылына воркаут алаңын орнату, Жосалы көшесіне, Ақжарық, Шабанбай би, Абай, Үшарал, Торанғалық ауылдарына балалар ойын алаңын орнату, Шорин көшесіне көпфункционалдық хоккей кортын орнату, Ақжарық ауылына воркаут алаңын, хоккей кортын орнату, Нүркен ауылына воркаут алаңын орнату жұмыстары бойынша жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды. Шашубай кентіне қоршау орнату жұмыстарының конкурстық рәсімдері жүріп жатыр.
Жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары бойынша - Қарасу ауылында ауыз су құбырын тартуға ЖСҚ әзірлеуге 5 млн 230 мың теңгеге, Ақжайдақ ауылында ауыз су құбырын тартуға ЖСҚ әзірлеуге 5 млн 230 мың теңгеге, Нарманбет ауылының ауылдық клубын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 1 млн 868 мың теңгеге, Сәуле ауылының ауылдық клубын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 1 млн 519 мың теңгеге жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылды. Шашубай кентінің орталық қазандығын қайта жаңартуға 4 млн 464 мың теңгеге, Сарышаған кентінің тазарту құрылысы мен су тазарту станциясын кеңейтуге 7 млн 143 мың теңгеге сатып алу жарияланып, конкурстық рәсімдері жүріп жатыр.
Сонымен қатар, бірқатар басқа да аудандық маңыздағы жолдарды күтіп ұстау, елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу, жерге орналастыру және жер кадастр т.б жұмыстары бойынша да сатып алулар жарияланып, жеңімпаздармен келісім шартқа отырылса, Ақтоғай ауылының жүзу бассейнінің, Сарышаған кентіндегі дене шынықтыру кешенін, екі қабатты 12-пәтерлі тұрғын үйдің және Шашубай кентіндегі екі қабатты 16-пәтерлі тұрғын үйдің құрылыстарын салу, Сарышаған кенті, Ақтоғай ауылы, Жетімшоқы ауылдарында ауыз су құбырын тарту жұмыс жобаларын ведомствадан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілді. Үшарал ауылдарында ауыз су құбырын тарту жұмыс жобаларын ведомствадан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасын тауып келеді. Қарағанды облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының мамандарының қатысуымен ақпан, маусым, тамыз айларында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алулардың жергілікті қамту үлесі есептіліктерін толтыру («Қарапайым заттар экономикасы») және т.б сұрақтар бойынша онлайн-семинар өткізілді. Сонымен қатар, мемлекетік сатып алумен айналысатын мамандар «Астана Даму» ЖШС-нің тамыз айында ұйымдастыруымен өткен семинар–кеңесіне барды. Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Заңдылықтарға және мемлекеттік сатып алу веб-порталына енгізілген өзгерістер туралы ZOOM бейнеконференциясы үнемі жүргізілуде және барлық бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне хаттар жолданып, аудандық баспасөз бетіне және аудан әкімінің, экономика және қаржы бөлімнің ресми интернет ресурсында жарияланып отырылады. Бюджеттік бағдарлама мамандары мен бухгалтерлері арасында іске қосылған әлеуметтік желі (ватсап) арқылы да түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.
«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ