2021 жылдың 9 айында коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар туралы

2021 жылдың 9 айында коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар  туралы

 

       Ақтоғай ауданы бойынша 2021  жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 38 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:

  • 29 – мемлекеттік мекеме,
  • 3 – коммуналдық мемлекеттік мекеме,
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын,
  • 1 – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын,
  • 4 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

2020 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 4457, баланстық құны – 461 млн 345 мың теңгені құрайды.

Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

         2021 жылы құқық белгілейтін құжаттары жасалған 47 нысан:

  • Сарышаған кентіндегі су желілері – 2 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған кентіндегі жылу желілері – 9 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған кентідегі жылу қазандықтары – 2 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі кәріз желілері – 4 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Сарышаған кентіндегі кәріз желісінің сорғы станциясы – 4 нысанның техникалық төлқұжаты;
  • Қошқар, Қарасу, Абай, Акшкол, Ақтоғай, Шабанбай би, Ақжарық, Қуаныш, Нарманбет, Ақтас, Тасарал, Ортадересін, Шұбартүбек, Торанғалық ауылдарының кірме жолдары мен Балқаш-Саяқ автомобиль жолы – 27 нысанның техникалық төлқұжаты жасалынып, мемлекеттік тіркеуге тіркетілді.

       Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес  аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2021 жылға 17 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.

Аудан әкімдігінің 15.01.2021 жылғы №02/02 қаулысымен Ақтоғай, Қарасу  ауылдарында, Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі 15 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;

26.03.2021 жылғы №15/02 қаулысымен «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылындағы су желілері «Ақтоғай Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;

05.04.2021 жылғы №17/04 қаулысымен Сарышаған кентіндегі Абай көшесі, 20 үй, 12 пәтер, 3 ықшам ауданы, 12 үй, 58 пәтер облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;

07.04.2021 жылғы №18/12 қаулысымен «Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында ветеринариялық пункт салу» жобалау-сметалық құжаттамасы облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;

03.06.2021 жылғы №24/03 қаулысымен Ортадересін ауылдық округі аумағында орналасқан «Қаработа 1», «Қаработа 2», «Бектауата 2» су нысандары «Ортадересін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жергілікті өзін-өзі басқраудың коммуналдық мүлік деңгейіне берілді.

         2020 жылы  коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 13.01.2021  жылы аудан  әкімінің  ресми  интернет-ресурсына, 2021 жылдың  тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде экономика және қаржы бөлімінің ресми интернет-ресурсына 27.03.2021, 09.08.2021 жылы  орналастырылды. Сондай-ақ, 24.04.2021 жылы ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция режимінде «Мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алу)»  тақырыбында, 03.09.2021 жылы «Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы» бюджеттік бағдарлама әкімгерелері мен ауыл, кент, ауылдық округ мамандарымен онлайн-кеңес өтті. Мамыр-маусым айларында кент, ауыл, ауылдық округтерге коммуналдық меншікті басқару бойынша түсіндіру мақсатында іс тәжірибелік көмектер көрсетуге бөлім мамандары іс сапарға  барды.

2021 жылдың 9 айында коммуналдық меншікті басқаруда атқарылған жұмыстар туралы
Дата публикации
19 октября 2021