Ауданның 2021 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Өнеркәсіп
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 85541,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (74471,0 млн. теңге) салыстырғанда өсім 114,9%. Нақты көлем индексі 138,6% құрайды.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндіретін өнімі 74030,0 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 86,2% құрайды. Оның ішінде:
- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 44146,0 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (37309 млн. теңге) 118,3% орындады. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 1785 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (2010 кг) салыстырғанда 88,8%. 2021 жылдың маусым айынан бастап кәсіпорын өнім өндіретін жаңа «СІР» бағдарламасы енгізілуіне сәйкес өндірілген өнім көлемі толықтай бағдарламаға енгізілмеуде, жыл соңына дейін реттелетін болады.
- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 426,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (383,1 млн. теңге) 111,3%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 444,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (399,0 мың тонна) 111,5%;
- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 56,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда (112,0 млн.теңге) 50%. Заттай түрде өндірілген балық 180 тонна;
Кәсіпорынның орта кәсіпорыннан шағын кәсіпорынға өзгеруіне байланысты өнім көлемі төмендеді;
- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 6,5 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (6,5 млн. теңге) 100%;
- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 29395,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, заттай түрде өндірілген құрамында алтыны бар рудалар көлемі 1807 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 153,0 мың тоннаға орындалды.
Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі – 11511,4 млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 42,4% (27139 млн. теңге) құрайды.
«Ақтоғай Мыс» ЖШС бойынша 2985.6 млн.теңгенің өнімі өндірілді;
«Балхаш» ЖШС бойынша 1322,6 млн.теңгенің өнімі өндірілді.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 12249,7 млн.теңге 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (10141,1 млн. теңге) 120,8% . Нақты көлем индексі 101,6% .
Аудан бойынша ет өндіру көлемі 4565,8 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4359,4 тонна) 4,7%, сүт өндіру 22475,7 тонна немесе (22058,6) 1,9%, тауық жұмыртқасы 1683,5 мың данаға немесе (1631,4 мың дана) 3,2% өсіммен орындалды.
2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 59707 бастан 64853 басқа немесе 8,6%, қой-ешкі 123077 бастан 134502 басқа немесе 9,3%, құс 19699 бастан 21321 басқа немесе 8,2%, жылқы саны 31988 бастан 35879 басқа немесе 12,2% өсті.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 20549,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (58020,9 млн.теңге) салыстырғанда 35,4%. Нақты көлем индексі 34,2% .
Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1427 бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1407 субъекті) 101,4%.
Бөлшек сауда
Айналым көлемі 1712,0 млн.теңге немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен (740,1 млн. теңге) салыстырғанда 231,3%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11256,8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (24921,2 млн. теңге) салыстырғанда 45,2%. Нақты көлем индексі 45,4% .
Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты құрылыс көлемі ұлғайған.
Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 17576 шаршы метр, өткен жылдың сәйкес мерзімінде (5608 шаршы метр) немесе 313,4%.
Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2700,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 141,1% құрайды. Жоспар 1758,4 млн.теңге орындалысы 153,6%.
Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 404 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (483 адам) 83,6%. Жұмысқа орналастырылғандар саны 442 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (590 адам) 74,9%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 202 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (235 адам) 86%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 231 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (428 адам) 54%.
Денсаулық саласы
2021 жылдың шілде айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 17,45 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (18,65) 93,6%.
Өлім коэффициенті шілде айында 7,77 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (11,77) 66%.
Қаңтар-шілде айларында 1000 тірі туғандарға шаққандағы нәресте өлімі коэффициенті 7,50 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (19,90) 37,7%. Есепті мерзімде Нарманбет ауылында 1 оқиға тіркелген.
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (930 адам) 87,1%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 562 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 95,3% қамтылып отыр.
Оқушылар саны 2996, компьютер паркі 1171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,6 оқушыдан келеді.
Құқық қорғау саласы
Аудан бойынша тамыз айының қорытындысымен тіркелген қылмыс 64 немесе 110,3% құрайды.
Ауыр қылмыстан 21 жағдай тіркелген, ауыр қылмысты ашу 91,7%.