Ауданның 2021 жылдың қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

 

                                                                                             

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-маусым  айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 61667,4 млн.теңге,  өткен жылдың сәйкес мерзімімен (57163,6 млн. теңге) салыстырғанда өсім 107,9%.  Нақты көлем индексі 140,2% .

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 55716,4 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 90,3% құрады. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 31432,7 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (29681 млн. теңге) 110,2% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 1294 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (1620 кг) салыстырғанда 79,9%.  2021 жылдың маусым айынан бастап  кәсіпорын өнім өндіретін жаңа «САР» бағдарламасы енгізілуіне сәйкес өндірілген өнім көлемі толықтай бағдарламаға енгізілмеуде, жыл соңына дейін реттелетін болады.

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 303,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (276,5 млн. теңге) 109,7%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 317,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (299,8 мың тонна) 106%;

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 51,2 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда (61,6 млн.теңге) 83,1%. Заттай түрде өндірілген  балық 110 тонна;

Кәсіпорынның орта кәсіпорыннан шағын кәсіпорынға өзгеруіне байланысты  өнім көлемі төмендеді;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 5,5 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5,5 млн. теңге) 100%;

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 23923,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп,  заттай түрде өндірілген көлемі құрамында алтыны бар рудалар 1374 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 179,5 мың тонна  орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  5951,0  млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 21,9% (27139 млн. теңге) құрады.

«Ақтоғай Мыс» ЖШС бойынша 5063.5  млн.теңгенің өнімі өндірілді;

«Балхаш» ЖШС бойынша 687,5  млн.теңгенің өнімі өндірілді.

 

Ауыл шаруашылығы 

          Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 6547,4 млн.теңге 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4997,6 млн. теңге) 131% . Нақты көлем индексі 101,0% .

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 3312,1 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3210,0 тонна) немесе 3,2%, сүт өндіру 16188,3 тонна немесе (16185,4) 100%, тауық жұмыртқасы 1042,1 мың данаға немесе (1015,2 мың дана) 2,6% өсті.

2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 78903 бастан 78286 басқа немесе 0,8%, қой-ешкі 150575 бастан 141991 басқа немесе 5,7%,  құс 28800 бастан 19042 басқа немесе 33,9% азайған,  жылқы саны 38507 бастан 41656 басқа немесе 8,2% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13224,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (42628,0 млн.теңге) салыстырғанда 31,0%. Нақты көлем индексі   28,5% .

-   «Алтыналмас АК» АҚ-ның 6309,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 47,8%;

машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар –4394,3 млн.теңге;

тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды салу 76,3 млн.теңге;

құрылыс-монтаж жұмыстарына шығындар  - 1838,4 млн.теңге.

-   «Ақтоғай Мыс» АҚ-ның 426,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 3,2%

машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар –426,0 млн.теңге;

-   «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 5983,2 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 45,2%;

    құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындар – 5983,2  млн.теңге;

- "Корпорация Ирказ Металл" ЖШС – 81,3 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 0,6%

ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар- 81,3 млн.теңге.

  • Ауыл шаруашылығы бойынша 85,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 0,6%;

жұмысқа жегілетін, өнім беретін және асыл тұқымды табынды

қалыптастыруға шығындар – 35.7 млн.теңге (29 шаруа қожалық 81 бас ірі қара мал сатып алған)

машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар –49,3  млн.теңге (5 шаруа қожалық техника сатып алған)

  • өзге де қызметтер түрлерінен – 339,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 2,6% құрады.

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1418 бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1383 субъекті) 102,5%.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 1122,8 млн.теңге немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен (608,9 млн. теңге) салыстырғанда 184,4%.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8624,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (12378,8 млн. теңге) салыстырғанда 69,7%.  Нақты көлем индексі   68,8% .

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты құрылыс көлемі ұлғайған.

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 17576  шаршы метр,  өткен жылдың сәйкес мерзімінде (1586 шаршы метр) немесе 1108,2%.

  • жеке салушылар есебінен – 15570 шаршы метр;
  • кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен – 2006 шаршы метр («Алтыналмас АК» АҚ-ның жұмысшыларға арналған жатақханасы)

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2700,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 183,1% құрады.  Жоспар 1042,4 млн.теңге орындалысы 259,1%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 360 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (578 адам)  62,3%. Жұмысқа орналастырылғандар саны 293 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (413 адам)  70,9%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 177 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (201 адам) 88,1%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 212 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (380 адам) 55,8%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2021 жылдың сәуір айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 14,64 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (17,36)  84,3%.

Өлім коэффициенті сәуір айында 6,43 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,54)  85,3%.

Қаңтар-мамыр айларында 1000 тірі туғандарға шаққандағы нәресте өлімі (анасының тіркелген жері бойынша) 12,20 оқиға, 2020 жылдың сәйкес мерзімінде 20,80 оқиға немесе 58,7%. Шетінеген сәбилер саны  1 бала (Қарабұлақ а/о).

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (930 адам) 87,1%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 562 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен 95,3% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2996, компьютер паркі 1171 компьютерді құрады. 1 компьютерге 2,6 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша маусым айының қорытындысымен тіркелген қылмыс 57 немесе 111,8%  құрады.

Ауыр қылмыстан 19 жағдай тіркелген, ауыр қылмысты ашу 89,9%.  Аса ауыр қылмыстан 1 жағдай  тіркелген, ашылмаған.

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Дата публикации
27 июля 2021