Ауданның 2021 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

 

                                                                                             

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-мамыр айындағы  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 56476,9 млн.теңге,  өткен жылдың сәйкес мерзімімен (47598,5 млн. теңге) салыстырғанда өсім 118,6%.  Нақты көлем индексі 155,9% .

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрады. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 50525,9 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 89,5% құрады. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 27333 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (24969 млн. теңге) 109,5% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 1294 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (1301кг) салыстырғанда 99,5%. 

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 250,8 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (216,5 млн. теңге) 115,8%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 263,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (243,2 мың тонна) 115,8%;

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 13,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда (53,6 млн.теңге) 25,2%. Өткен жылмен салыстырғанда заттай түрде өндірілген сом еті 54,5%, мұздатылған балық 68,2%;

Кәсіпорынның орта кәсіпорыннан шағын кәсіпорынға өзгеруіне байланысты  өнім көлемі төмендеді;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 4,9 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (4,9 млн. теңге) 100%

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 22923,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп,  заттай түрде өндірілген көлемі құрамында алтыны бар рудалар 1172 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 103.5 мың тонна  орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  5951,0  млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 26,6% (22354,5 млн. теңге) құрады.

«Ақтоғай Мыс» ЖШС бойынша 4251,9  млн.теңгенің өнімі өндірілді;

«Балхаш» ЖШС бойынша 487,5  млн.теңгенің өнімі өндірілді.

 

Ауыл шаруашылығы 

          Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 3538,8 млн.теңге 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (2740,0 млн. теңге) 129,1% . Нақты көлем индексі 101% .

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 1780,8 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1726,1 тонна) немесе 3,2%, сүт өндіру 9211,7 тонна немесе (9205,1) 0,1%, тауық жұмыртқасы 774,8 мың данаға немесе (756,9 мың дана) 2,% өсті.

2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 80257 бастан 79988 басқа немесе 0,3%, қой-ешкі 155928 бастан 147042 басқа немесе 5,7%,  құс 24900 бастан 20847 басқа немесе 16,3%  төмендеді,  жылқы саны 39072 бастан 42426 басқа немесе 8,6% өсті.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8987,6 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (22100,2 млн.теңге) салыстырғанда 40,7%. Нақты көлем индексі   36,1% .

-   «Алтыналмас АК» АҚ-ның 5595,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 62,3%;

машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар – 3680,3 млн.теңге;

тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды салу 76,3 млн.теңге;

құрылыс-монтаж жұмыстарына шығындар  - 1838,4 млн.теңге.

-   «Ақтоғай Мыс» АҚ-ның 426,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 4,7%

машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар –426,0 млн.теңге;

-   «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 2542,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 28,3%;

    құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындар – 2117,4  млн.теңге;

-   ауыл шаруашылығы бойынша 85,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 0,9%;

  • өзге де қызметтер түрлерінен – 339,6 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 3,8% құрады.

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1423 бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1361 субъекті) 104,6%.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 836,6 млн.теңге немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен (523,8 млн. теңге) салыстырғанда 159,7%.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5708,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (7864,1 млн. теңге) салыстырғанда 72,6%.  Нақты көлем индексі   71,9% .

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты құрылыс көлемі ұлғайған.

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 5631  шаршы метр,  өткен жылдың сәйкес мерзімінде (371 шаршы метр) немесе 1517,8%.

  • жеке салушылар есебінен – 3625 шаршы метр;
  • кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен – 2006 шаршы метр («Алтыналмас АК» АҚ-ның жұмысшыларға арналған жатақханасы)

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 2578,8 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 200,3% құрады.  Жоспар 1018,5 млн.теңге орындалысы 253,2%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 361 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (529 адам)  68,2%. Жұмысқа орналастырылғандар саны 234 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (273адам)  85,7%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 127 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (132 адам) 96,2%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 202 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (375 адам) 53,9%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2021 жылдың сәуір айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 14,64 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (17,36)  84,3%.

Өлім коэффициенті сәуір айында 6,43 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (7,54)  85,3%.

Қаңтар-мамыр айларында 1000 тірі туғандарға шаққандағы нәресте өлімі (анасының тіркелген жері бойынша) 12,20 оқиға, 2020 жылдың сәйкес мерзімінде 20,80 оқиға немесе 58,7%. Шетінеген сәбилер саны  1 бала (Қарабұлақ а/о).

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (930 адам) 87,1%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 562 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен 95,3% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2996, компьютер паркі 1171 компьютерді құрады. 1 компьютерге 2,6 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша мамыр айының қорытындысымен тіркелген қылмыс 49 немесе 132,4%  құрады.

Ауыр қылмыстан 18 жағдай тіркелген, ауыр қылмысты ашу 87,5%.  Аса ауыр қылмыстан 1 жағдай  тіркелген, ашылмаған.

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-мамыр айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Дата публикации
22 июня 2021