Ақтоғай ауданы бойынша 2021 жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 38 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:
2020 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 4457, баланстық құны – 461 млн 345 мың теңгені құрайды.
Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
2021 жылы құқық белгілейтін құжаттары жасалған 47 нысан:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2021 жылға 16 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.
Аудан әкімдігінің 15.01.2021 жылғы №02/02 қаулысымен Ақтоғай, Қарасу ауылыдарында, Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі 15 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
26.03.2021 жылғы №15/02 қаулысымен «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылындағы су желілері «Ақтоғай Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарғылық капиталын ұлғайту үшін;
05.04.2021 жылғы №17/04 қаулысымен Сарышаған кентіндегі Абай көшесі, 20 үй, 12 пәтер, 3 ықшам ауданы, 12 үй, 58 пәтер облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;
07.04.2021 жылғы №18/12 қаулысымен «Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылында ветеринариялық пункт салу» жобалау-сметалық құжаттамасы облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне;
03.06.2021 жылғы №24/03 қаулысымен Ортадересін ауылдық округі аумағында орналасқан «Қаработа 1», «Қаработа 2», «Бектауата 2» су нысандары «Ортадересін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жергілікті өзін-өзі басқраудың коммуналдық мүлік деңгейіне берілді.
2020 жылы коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 13.01.2021 жылы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына, 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде экономика және қаржы бөлімінің ресми интернет-ресурсына 27.03.2021 жылы орналастырылды. Сондай-ақ, 24.04.2021 жылы ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференция режимінде «Мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алу)» тақырыбында ауыл, кент, ауылдық округ мамандарымен онлайн-кеңес өтті. Мамыр-маусым айларында кент, ауыл, ауылдық округтерге коммуналдық меншікті басқару бойынша түсіндіру мақсатында іс тәжірибелік көмектер көрсетуге бөлім мамандары іс сапарға барды.