Ақтоғай ауданы бойынша 2021 жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 38 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде:
2020 жылғы мемлекеттік тізілім веб-порталындағы есеп бойынша коммуналдық меншіктегі негізгі құралдардың барлық нысан саны – 4457, баланстық құны – 461 млн 345 мың теңгені құрайды.
Коммуналдық меншікті басқару бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
2021 жылы құқық белгілейтін құжаттары жасалған 47 нысан:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 72-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудандағы қызметтік ғимараттары жоқ мемлекеттік мекемелермен 2021 жылға 16 мемлекеттік мүлікпен өтеусіз пайдалану шарттарына отырылды.
Аудан әкімдігінің 15.01.2021 жылғы №02/02 қаулысымен Ақтоғай, Қарасу ауылыдарында, Сарышаған, Шашубай кенттеріндегі 15 тұрғын үй «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
26.03.2021 жылғы №15/02 қаулысымен «Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылындағы су желілері «Ақтоғай Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жарғылық капиталын ұлғайту үшін теңгеріміне берілді.
2020 жылы коммуналдық меншікті басқарудағы атқарылған жұмыстар жөнінде 13.01.2021 жылы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.