Ауданның 2021 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-наурыз айындағы  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

 

Өнеркәсіп

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 34529,1 млн.теңге,  өткен жылдың сәйкес мерзімімен (27293,5 млн. теңге) салыстырғанда өсім 129,8%.  Нақты көлем индексі 136,7% .

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көрсеткіштерін аудан бойынша 5 орта және шағын денгейдегі кәсіпорындар: «Алтыналмас АК» АҚ кәсіпорыны, тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны, «Балхашбалық» кәсіпорыны, «Алтыналмас Technology» ЖШС және тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы құрайды. Есепті мерзімде аталған 5 кәсіпорынның өндірген өнімі 22950,9 млн.теңге, жалпы өнеркәсіп өндірісі өнімінің 66,4% құрады. Оның ішінде:

- «Алтыналмас АК» АҚ-ы қолданыстағы бағамен 13026 млн.теңгенің өнімін өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (15495 млн. теңге) 84,1% орындалды. Заттай түрде өндірілген алтын көлемі 952 кг немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (803 кг) салыстырғанда 118,6%. 

2021 жылдың қаңтар айынан бастап  кәсіпорын өнім өндіретін жаңа технологияны сынақтан өткізуіне сәйкес өндірілген өнім көлемі төмендеді.

- Тау-кен өндірісіндегі «Балқаш тау-кен» кәсіпорыны бойынша 146,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (124,0 млн. теңге) 118,1%. Заттай түрде өндірілген доломит көлемі 153,9 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (142,2 мың тонна) 108,2%;

- «Балхашбалық» кәсіпорыны бойынша 13,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда (24,7 млн.теңге) 54,7%. Өткен жылмен салыстырғанда заттай түрде өндірілген сом еті 54,5%, мұздатылған балық 68,2%;

Кәсіпорынның орта кәсіпорыннан шағын кәсіпорынға өзгеруіне байланысты  өнім көлемі төмендеді;

- Тоқпен жабдықтаудағы Сарышаған тоқпен жабдықтау дистанциясы бойынша 4,4 млн.теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3,4 млн. теңге) 129,4%

- «Алтыналмас Technology» ЖШС бойынша 9760,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп,  заттай түрде өндірілген көлемі құрамында алтыны бар рудалар 659 мың тонна, құрамында алтыны бар концентраттар 45 мың тонна  орындалды.

Басқадай шағын кәсіпорындардан өндірілген жалпы өнім көлемі –  11578,2  млн.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 183,1% (6321,8 млн. теңге) құрады.

 

Ауыл шаруашылығы 

          Ауыл шаруашылығында өндірілетін жалпы өнім қаржылай есеппен 1631,4 млн.теңге 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1292,1 млн. теңге) 126,2% . Нақты көлем индексі 100,8% .

Аудан бойынша ет өндіру көлемі 901,7 тонна, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (876,3 тонна) немесе 2,9%, тауық жұмыртқасы 310,3 мың данаға немесе (303 мың дана) 2,4% өсті. Сүт өндіру 4057,9 тонна немесе (4085,5) 0,7% төмендеді.

2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда түлік түрлері бойынша мал басы бойынша ірі қара 65770 бастан 67548 басқа немесе 2,7%, жылқы саны 30031 бастан 34655 басқа немесе 15,4%, құс 19675 бастан 21190 басқа немесе 7,7% өсті,  қой-ешкі 115772  бастан 113727  басқа төмендеген.

 

Инвестиция

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4849,6 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (20222,4 млн.теңге) салыстырғанда 24%. Нақты көлем индексі   23,8% .

-   «Алтыналмас АК» АҚ-ның 3635,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 75%

машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар –1720,3 млн.теңге;

тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен имараттарды салу 76,3 млн.теңге;

құрылыс-монтаж жұмыстарына шығындар  - 1838,4 млн.теңге.

-   «Ақтоғай Мыс» АҚ-ның 247,0 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 5,1%

машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен  шығындар –247,0 млн.теңге;

-   «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы – 967,6 млн.теңге, немесе жалпы көлемнен 19,9%;

    құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындар – 967,6  млн.теңге;

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

        Кәсіпкерлікті дамыту

Ауданда шағын және орта бизнес саласында белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1401, бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1328 субъекті) 105,5%.

 

Бөлшек сауда

Айналым көлемі 408 млн.теңге немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен (362,5 млн. теңге) салыстырғанда 112,5%.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 268,7 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (1065,1 млн. теңге) салыстырғанда 25,2%. 

Іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 3477 шаршы метр,  өткен жылдың сәйкес мерзімінде 137 шаршы метр немесе 2537,9%.

  • жеке салушылар есебінен – 1471 шаршы метр;
  • кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен – 2006 шаршы метр («Алтыналмас АК» АҚ-ның жұмысшыларға арналған жатақханасы)

Төмендеу себебі: 2020 жылы «Алтыналмас АК» АҚ  алтын өндіруші зауытының құрылыс жұмыстарының жүруіне байланысты инвестиция көлемі ұлғайған.

 

Қаржы саласында аудан бюджетіне есепті мерзімде түскен түсімдерінің көлемі 673,1 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 114,1% құрады.  Жоспар 552,6 млн.теңге орындалысы 121,8%.

 

          Әлеуметтік сала бойынша есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 324 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (420адам)  77,1%. Жұмысқа орналастырылғандар саны 169 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (134адам)  126,1%.

Қоғамдық жұмыспен қамтылатындар саны 91 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (40 адам) 227,5%.

Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 176 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (358 адам) 49,2%.

                                                                 

Денсаулық саласы

2021 жылдың ақпан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 14,59 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (20,28)  71,9%.

Өлім коэффициенті ақпан айында 1,82 немесе 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (11,03)  16,5%.

Қаңтар-наурыз айларында 1000 тірі туғандарға шаққандағы нәресте өлімі (анасының тіркелген жері бойынша)  22,70 оқиға, 2020 жылдың сәйкес мерзімінде 40,80 оқиға немесе 55,6%. Шетінеген сәбилер саны  1 бала (Қарабұлақ а/о).

 

 

Білім саласы

Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 810 адам. 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (930 адам) 87,1%.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 562 адам, 2020 жылдың сәйкес мерзімімен 95,3% қамтылып отыр.

Білім саласы бойынша оқушылар саны 2996, компьютер паркі 1171 компьютерді құрады. 1 компьютерге 2,6 оқушыдан келеді.

 

Құқық қорғау саласы

Аудан бойынша наурыз айының қорытындысымен тіркелген қылмыс 31 немесе 110,7%  құрады.

Ауыр қылмыстан 12 жағдай тіркелген, ауыр қылмысты ашу 100%.  Аса ауыр қылмыстан 1 жағдай  тіркелген, ашылмаған

Ауданның 2021 жылдың қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Дата публикации
16 апреля 2021