Мемлекеттік сатып алулар бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға іске асырылатын жоспарлар туралы

2020 жылы аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына  4 млрд  425  млн  634  мың  теңгеге  жылдық жоспар орналастырылып, 3 млрд 888 млн 914 мың теңгеге  келісім шартқа  отырылды.  Қалыптасқан шартты үнем 321 млн 497 мың теңге. Оның ішінде:

Бір көзден  тікелей  шарт жасасу арқылы 2432 мемлекеттік сатып алу         1 млрд 122  млн 187 мың теңгеге жоспарланып, 1 млрд 001 млн 285  мың теңгеге 1480  келісім шартқа отырылды. 

Баға ұсыныстарын  сұрату  тәсілі арқылы  1976 мемлекеттік сатып алулар  275 млн  294  мың теңгеге жоспарланып, 196 млн 949  мың теңгеге 816 келісім шартқа отырылды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден  сатып алуларды қоса алғанда). 

Тауар биржасы  арқылы 6 мемлекеттік сатып алу (көмір) 85 млн 131 мың теңгеге жоспарланып, 82 млн 608 мың теңгеге келісім шартқа отырылды.  Қалыптасқан  шартты үнем 2 млн 523 мың теңге.

Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс  5 мемлекеттік сатып алу 7 млн 218  мың теңгеге жоспарланып,  өткізілмеген мемлекеттік сатып алу  бойынша 7 млн 013 мың теңгеге келісім шартқа отырылды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден  сатып алуларды қоса алғанда).  Қалыптасқан  шартты үнем 205 мың теңге.

Үй сатып алу  133 млн 800 мың теңгеге жоспарланып, 117 млн 824 мың теңгеге келісім шартқа отырылды.

Конкурстар  бойынша  (ашық және   біліктілікті  алдын-ала  анықтау, арнайы тәртіп  тәсілдері  арқылы)  116 –  конкурс 2 млрд 802 млн 004 мың  теңгеге жарияланып,  2 млрд 483  млн. 235  мың  теңгеге  келісім шартқа отырылды (өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша бір көзден  сатып алуларды қоса алғанда).  Қалыптасқан  шартты үнем 318 млн 769 мың теңге.  Оның ішінде: 

- Облыстық бірыңғай ұйымдастырушы (Қарағанды облысының мемлекеттік  сатып алу басқармасы) арқылы  1 конкурс 340 млн 444 мың теңгеге  Ақтоғай  ауылындағы  Ж.Шайдаров атындағы мәдениет және демалу саябағын қайта жаңғырту  жұмыстарына  жарияланып, жеңімпаз «Темір Арқа» ЖШС-мен 306 млн 399 мың теңгеге келісім шартқа отырылды. Қалыптасқан  шартты үнем 34 млн 045 мың теңге.

-  Аудандық  бірыңғай  ұйымдастырушы  арқылы    60  конкурс 2 млрд. 223 млн 947 мың теңгеге  жарияланып, 1 млрд  986  млн 242 мың теңгеге келісім шартқа  отырылды. Қалыптасқан  шартты үнем  237 млн 705 мың теңге.

- Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері  арқылы  55  конкурс 237 млн 613 мың теңгеге жарияланып, 190 млн 594 мың теңгеге келісім шартқа отырылды. Қалыптасқан  шартты үнем  47  млн 019  мың теңге.

Аудан көлемінде  іске асырылған ірі жобалардың  мемлекеттік сатып алуларына тоқталатын болсақ:

- Жобалау –сметалық  құжаттамаларын  жасау  жұмыстарына  38 млн 695 мың теңгеге 6 жобаға мемлекеттік сатып алу жарияланып,   Үшарал ауылына су құбыры желісінің, Ақтоғай ауылында жүзу бассейнінің, Сарышаған  кентінде  дене  шынықтыру - сауықтыру  кешенінің және  Шашубай   кентінде екі қабатты он алты пәтерлі тұрғын үйдің   құрылыстары  үшін және Қошқар ауылының клуб үйі, Қ.Нұржанов мектебінің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау сметалық  құжаттама жасауға жеңімпаздармен  32 млн 891  мың теңгеге келісім шартқа отырылды,   қалыптасқан шартты үнем 5 млн 804 мың теңге. 

Сондай-ақ, 7 жобаға Кежек, Жалаңаш  ауылдарындағы  мал  моласы, Ақтоғай  ауылындағы  ветеринарлық  пункт, Қуаныш, Жалаңаш ауылдарының  су  құбыры  желісі, Оразалин көшесіндегі 2 пәтерлі 3 үйдің  инфрақұрылымды жайластыру жұмысы, Сарышаған  кентіндегі  екі  қабатты 12-пәтерлі  тұрғын  үйдің  құрылыстарының  жобалау  сметалық құжаттамаларына  ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары бойынша  3 млн 261 теңгеге  мемлекеттік сатып алу жарияланып, келісім шартқа отырылды.

  • Құрылыс жұмыстары бойынша -  88 млн 899 мың теңгеге

Ақтоғай  ауылы Оразалин көшесіндегі 2 пәтерлі 3 үйдің құрылысына сатып алу жарияланып, 80 млн 899 мың теңгеге жеңімпазбен келісім шартқа отырылды. Қалыптасқан шартты үнем 8 млн 890 мың теңге.

- Күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 2 млрд 007 млн 151 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жарияланып,  1 млрд 796 млн 540 мың  теңгеге келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 210 млн 611 мың теңге. Оның  ішінде:

- «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасы  аясында   барлығы 17 жобаға  951 млн 423 мың теңгеге  мемлекеттік сатып алу жарияланып,  896 млн 359  мың  теңгеге келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем 55 млн 064 мың теңге. Атап айтқанда, Ақтоғай ауылындағы Ж.Шайдаров атындағы мәдениет және демалу саябағын қайта жаңғырту жұмыстары басталса, Шашубай кентіндегі «Мектеп-Балабақша кешені» мектеп жанындағы интернатымен/базасындағы тірек мектебі /ресурстық орталығы/»  КММ,  К.Байсеитова, Ә.Бөкейхан  атындағы ЖББОМ және  мектеп интернатына және  Шашубай кентінің клуб үйіне  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  заманауи сипатқа ие болды.          

Сонымен қатар, Ақтоғай ауылының Шакарим, Жосалы, Найманбаев, Ермеков, Шорин, Нарманбет, Сатпаев, Шакарим - Жидебай, Жидебай - Сатпаев көше жолдарын, Шашубай кентінің кентішілік Құнанбаев, Ихамбаев және Ақбергенов жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Жұмыспен қамту жол картасы  аясында 758 млн 235 мың теңгеге барлығы 43 нысанның жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жарияланып, 680 млн 759 мың теңгеге келісім шартқа отырылды. Қалыптасқан шартты үнем 77 млн 476 мың теңге. Яғни, мектептерге (Нұржанов, Ақышұлы, Абай, Тасарал), «Аққыз бөбекжайы» ғимаратына, Шашубай, Сарышаған кенттеріндегі су, кәріз құбырларына және Шашубай кентінің жылу қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары, 17 ауылдық округтердің көше шамдарын орнату және  көшеішілік жолдарға  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Ж.Кеңесбаев, Сарышаған кенті  мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу, 12 мектептің  санитарлық тораптары мен сыртқы кәріздеріне, Қызыларай және Ә.Ермеков (шатыр), Ж.Кеңесбаев (жертөре), Айыртас мектептеріне, Айгөлек балабақшасы мен  қосымша тобына, дене шынықтыру және  сауықтыру кешеніне, Шашубай кентіндегі  балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мәдени ошақтар Ақжарық ауылы, Сарышаған кентінің мәдениет үйлеріне ағымдағы, Тасарал ауылының клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстары, әкімшілік ғимараттар экономика және қаржы бөлімі мен Шашубай кенті әкімі аппараты ғимараттарының  ағымдағы жөндеу жұмыстары, кенттің  орталық жылу  қазандығы  мен жылу  желілеріне ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Айыртас ауылдық округі әкімі  аппаратына жылу қазандығы, Тасарал ауылдық округі  әкімі аппараты ғимаратына  модульді қазандық  орнатылды.

         Ақтоғай ауылындағы  К.Байсейтова көшесі №35,39,42, Оразалин  көшесі №15 мен Шорин көшесі №6 екі қабатты тұрғын үйлердің  және Шашубай кентінің Ақбергенов №2 тұрғын үйінің қасбеттері мен шатырларына ағымдағы  жөндеу жұмыстары, сондай-ақ  табиғи төтенше жағдай салдарынан бұзылған тұрғын үйлердің шатырларын қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілді.

- Құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары кезінде  техникалық  қадағалау қызметтері   бойынша (11 нысан) -  35 млн 652 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жарияланып,  28 млн 697 мың теңгеге келісім шартқа отырылды, қалыптасқан шартты үнем  4 млн 678 мың теңге.

-Абаттандыру  жұмыстары  бойынша 100 млн 124  мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жарияланды, 80 млн 149 мың теңгеге келісім шартқа отырылды. Қалыптасқан шартты үнем  19 млн 975  мың теңге. Атап айтқанда, Ақтоғай ауылының Шорин көшесі бойына су ағарлар орналастыру, Бөкейхан көшесіне қонақжай тұрағын орнату және саябағын абаттандыру, Ақтоғай, Тасарал  ауылдарында көшелерді энерготиімді жарықпен қамту  жұмыстары,  Ақтас ауылына темір бетонды қоршау және Ақтоғай ауылы  мәдениет үйінің алдына және Шашубай кенті «Айгөлек» балабақшасының алдына балалар ойын алаңы мен Сарышаған кентінде  жасанды жабыны бар шағын футбол алаңын орнату жұмыстары толығымен аяқталды.

2021 жылға аудан бойынша тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға  мемлекеттік сатып алудың веб-порталына 1 млрд 272 млн 173 мың  теңгеге жылдық жоспар орналастырылып,  бірқатар жұмыстарға, атап айтқанда:  Ақтоғай ауылынан 16-пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысына, Шорин көшесіне  спорт және балалар ойын алаңын орнатуға, «Алаш алаңындағы» су бұрқақты ағымдағы жөндеуге, Сарышаған кентінде хоккей кортын мен балалар ойын алаңдарын орнатуға, Шашубай кентіндегі орталықтандырылған жасыл желектерді  суару жүйелеріне және Ортадересін ауылдық округінің әкімшілік ғимаратына ағымдағы  жөндеу  жұмыстарына  658  млн  014  мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар жарияланып, конкурстық рәсімдер жүріп жатыр.

Сонымен  қатар,  алдағы уақытта:   

-Ақтоғай ауылындағы солтүстік-батыс мөлтек ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын бастау;

-Ақтоғай ауылындағы стадионды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

-Ақтоғай ауылында кәріз жүйесінің құрылысын бастау;

-Ақтоғай ауылындағы ТҮКШ, ЖК, ТҮи және АЖ бөлімінің 5-қабатты ғимаратына абаттандыру жұмыстарын жүргізу;

-Кежек ауылында ауыз су құрылысы жұмыстарын жүргізу;

-Ақтас және Қусақ елді мекендерінде клуб үйін күрделі жөндеу;

-Айыртас ауылдық округтері әкімдерінің ғимаратын жөндеуден өткізу;

-Шашубай, Тораңғалық, Кежек елді мекендеріне балалар ойын алаңын, спорт алаңын, футбол алаңдарын орнату;

-Шашубай және Сарышаған кенттерінде көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеуден өткізу;

-«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Сарышаған, Сәуле, Үшарал елді мекендеріндегі ауылішілік көше жолдарын жөндеу және  т.б  жұмыстарды іске асыру көзделіп отыр.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға іске асырылатын жоспарлар туралы
Дата публикации
30 декабря 2020