"Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде аудандық бюджетті стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және атқару, аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік, бюджеттік есепке алуды және бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан экономикасының тұрақты өсуіне және ауданның бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге ықпал ететін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік жоспарлаудың негізгі бағыттарын қалыптастыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің сапалы орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.