2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджет, оның негізгі көрсеткіштері, қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттарды шығындаудың бағыттары туралы ақпарат.
Бұл құжат келесі бөлімдерден тұрады:
- аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері;
- аудандық бюджеттің кірістері мен шығындары;
- субвенциялар көлемдері;
- бюжет тапшылығы (профициті);
- нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер.
2020-2022 жылдарға арналған аудан бюджеті Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 57/607 шешімімен бекітілген (Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 66/707 66 сессияның шешімімен еңгізілген өзгерістерімен).